​Қарныңыз тез аша ма? Оны тежеудің жолдары бар

0
10 567

Көбіне семіздіктен арылғысы келетіндер «қарным тез ашады» деп шағым айтып жатады. Алайда олар шын аштықтың қандай болатынын біле ме? Білмеуі мүмкін. Ендеше қарын ашқан кезде адам өзін қалай сезінеді осы жөнінде айтып өтейік.


​Қарныңыз тез аша ма? Оны тежеудің жолдары бар

фото: img2.vitaportal.ru

Нәпсіні тыю - ең керемет күш. Тәтті-дәмді тағамдар дастарханға келгенде қарынның аш екеніне қарамастан ол астан бас тарта алсаңыз жақсы, ал «байқамай» жеп қойсаңыз не болмақ? Алдыңғы жасаған әрекеттеріңіз, арықтаймын деп жұмсаған күш-жігеріңіздің бәрі бір сәтте құрдымға кетеді. Солай емес пе?

Көбіне семіздіктен арылғысы келетіндер «қарным тез ашады» деп шағым айтып жатады. Алайда олар шын аштықтың қандай болатынын біле ме? Білмеуі мүмкін. Ендеше қарын ашқан кезде адам өзін қалай сезінеді осы жөнінде айтып өтейік.

фото: growfood.pro

Сіз қарныңыз ашқанда өзіңізді қалай сезінесіз? Ішіңіз құрылдай ма? Әліңіз бітіп, көз алдыңыз тұмандана бастай ма? Әлде басыңыз айнала ма? Егер жоғарыда айтылғандардың бірі сізге таныс болса, онда сіздің ағзаңыз шын мәнінде нәрлендіргіш тағамға зәру.

Егер сіз тағамды қарынның ашқанына емес, көңіл-күйіңізді көтеру үшін жейтін болсаңыз, қатты қателесесіз. Өйткені ас-ауқат сіздің көңіліңізді көтеретін құрал емес. Тағамнан алатын қуаныш уақытша ғана. Ашығуды сезіну – ол бір нәрсені жеуді қалау емес. Сонымен қатар, тәбетіңізді ашатын тағамды көргенде өз-өзіңізді ұстай алмай қалып, дәмнен ауыз тиіп қойсаңыз да бұл нағыз аштықтың белгісі емес. Міне, енді түсінген боларсыз, ашығудың қандай боларын?!


Аштықты тежеудің 4 әдісі

Нағыз аштықты сезіну үшін: қарынның қорылдауы, бастың айналуы, әлсіздену белгілері болуы шарт. Ондай болмаған жағдайда сіз нәпсіге ерік бердім деп ойлаңыз. Ендеше қарын шындап ашыққанда оны қалай тежеуге болады?


Протеин – аштықты басады

Көмірсуларға қарағанда ақуыз аштықты тез басады. Сондықтан да әрбір ас мәзірінде ақуыздың болғаны дұрыс. Ақуыз тек аштықты басып қана қоймай, мидың жұмысын жақсартуға да үлес қосады екен.


Су мен жасұнық ағзаны нәрлендіреді

фото: subbotkina.ru

Су мен жасұнықта калория болмайды. Ал, құрамы суға, жасұныққа бай азықтар көлемді болатынын да ұмытпау керек. Мұндай тағамдарды жесеңіз қарынның көп мөлшерін алып, ағзаның нәрленгенін байқайсыз. Көп көкөністердің құнарлылығы төмен болады. Мысалы, қауын, ананас, қиярда су өте көп. Мұндай жемістер мен көкөністер қарынның ашуын басуға көмектеседі.


Спорт та көп тамақтанбауға септігін тигізеді

Физикалық жаттығулар тәбетті тыятын гормондарға әсер етеді. Бірақ физикалық тұрғыда белсенді болу үшін ағза әлсіз болмауы тиіс. Кейде семіздіктен арылғысы келетіндер құнарлылығы тым төмен тағамдармен шектеліп, соңында жаттығу жасайтын шамалары болмайды. Тіпті, кейбірі физикалық жаттығулар көбірек тамақтануға итермелейді деген де пікір білдірген. Алайда мұндай жағдай тек ағза өзіне қажетті нәрді алмағаннан орын болады.


Жиі-жиі тамақтаныңыз

Егерде сіз жиі-жиі әрі аз-аздан тамақтанатын болсаңыз, қандағы қант мөлшері бірқалыпты сақталып, күні бойы әлсіздікті сезінбейсіз. Бұл өте маңызды процесс. Өйткені қандағы қант мөлшері азайғанда адам қатты ашыққанын сезіне бастайды. Сондықтан да аз-здан жеу керек. Өте аз мөлшерде тамақтанғаннан ағзам әлсірейді деп ойламаңыз, керісінше 1-2 сағаттан соң тағы да тамақтанып, әл-қуатымды арттырамын деген дұрыс. Осылай ойласаңыз ғана қарныңыздың ашқанын ұмытасыз.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


«5 ас қасық» диетасымен 5 кг-нан құтылыңыз!


ЕЛЕНА МАЛЫШЕВА ұсынған ЖАҢА жылдық диета