​Өте ЖЕҢІЛ диета

0
4 643

"Жеңіл диетамен" жеңіл арықтаңыз! Диетаның жеңілділігі сондай мұнда сіз ас мәзірін өз қалауыңызбен жасап аласыз.


​Өте ЖЕҢІЛ диета

фото: yogurtinnutrition.com

Диетаның жеңілділігі сондай мұнда сіз ас мәзірін өз қалауыңызбен жасап аласыз. Тек рұқсат етілген тағамдарды таңдасаңыз болғаны. Сонымен қатар, тағамды бумен, қайнатып немесе бұқтырып, пісірме ретінде дайындайсыз. Ең бастысы кешкі асты ұйықтардан 4 сағат бұрын жеу маңызды. Бұдан бөлек, диетаның шарттарының бірі – қант пен тұздың да көлемін азайтасыз. Ас дайындардан алдын қоспалардың құрамындағы тәттілігі мен қышқылдылығына мән беріп, есептеуге тура келеді. Ал, алкогольді ішімдікті мүлде ауызға алуға тыйым салынады және де кондитерлік тәттілер, кез келген майлы, қуырылған тағамдарды ас мәзірінен шығарып тастаған дұрыс.

Осындай шарттары бола тұра диета – «ЖЕҢІЛ диета» деп аталады. Өйткені, күніне 3-4 рет тамақтанып, ағзаға қажетінше дәрумендерді, минералды заттарды жеткізіп отырасыз. Сондықтан да бұл диетада әлсіреу, бас айналу сынды ауыртпалықтар болмайды. Ендеше, көп созбай «жеңіл диетада» ұсынылатын мәзір үлгісіне (шамалап алынған) тоқталайық.

фото: kosmedik.ru


Дүйсенбі

Таңғы ас: 50 гр. ірімшік, 2 дана қайнатылған жұмыртқа, табиғи шырын.

Түскі ас: өсімдік майы қосылған көкөніс салаты.

Бесін ас: Шай мен алма.

Кешкі ас: шабдалы немесе басқа жеміспен алмастыруға болады. 1 стақан кефир.


Сейсенбі

Таңғы ас: Сүттен дайындалған сұлы ботқасы, жемістер, бір шыны шай.

Түскі ас: Жеңіл көкөніс сорпасы, 1 уыс жаңғақ.

Кешкі ас: 1-2 тілім қайнатылған ет пен қырыққабат салаты.


Сәрсенбі

Таңғы ас: қарақұмық ботқасы, табиғи шырын.

Түскі ас: қайнатылған тауық еті, ет пен көкөністер қосылған салат.

Бесін ас: Жемістер, шай немесе кофе.

Кешкі ас: кефир, азырақ сүзбе жеуге болады.

Бейсенбі күннен бастап осы ас мәзірлерін қайталайсыз. Бірақ та еттің орнын балықпен алмастырған дұрыс.

Жоғарыда берілген диета мәзірі шамалап жасалынған. Егер өзгертетін ойыңыз болса, өзіңізге лайықтап ас мәзірін жасап алуыңызға болады. Тіпті, тағамға қосатын көкөністер мен басқа да қоспаларды өзгертіңіз келсе, бұған да рұқсат берілген. Алайда, есте сақтайтын бір жайт: майлы, қуырылған тағамдар ұсынылмайды. Осыны естен шығармаған абзал. Егер шын мәнінде арықтағым келеді дейтін болсаңыз, осындай қағидаларды қалт жібермей орындауға тура келеді. Әйтпесе белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Іске сәт!

Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


3 күнде 5 кг-ға арықтататын ДИЕТАЛАР - ТОП-10


1 ас қасық ас содасы + 1 стақан су = -10 кг (3 күнде)