Шиенің пісіп жатқанын пайдаланып артық салмақтан арылыңыз

0
7 097

Шие жеп артық салмақтан арылуға болады. Шиені ашқарынға жеңіз. Сонда тез арықтайсыз. Өйткені, шиенің 100 грамында 52 ккал бар.


Шиенің пісіп жатқанын пайдаланып артық салмақтан арылыңыз

Шие жеп артық салмақтан арылуға болады.

Шиені ашқарынға жеңіз. Сонда тез арықтайсыз. Өйткені, шиенің 100 грамында 52 ккал бар. Яғни бұл құнарлылығының өте төмен екендігін білдіреді. Сол себепті де шие диетасын ұстанған өте тиімді. Мұндай диетамен аптасына 5-7 келі артық салмақтан арылуға болады. Тек қуырылған, қақталған, майлы және ұннан жасалатын тағамдардан бас тарту керек. Егер тез арада арықтағыңыз келсе денсаулыққа ешбір зияны жоқ шие диетасын ұстап, діттеген мақсатқа жете аласыз. Олай болса, диетаның өзіндік тәсілдеріне, мәзіріне тоқталып өтейік.

Бірінші күн

Таңғы ас: қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут, бір стақан шие шырыны.

Түскі ас: Алма мен шиені ірілеп турап, сәбізді үккіштен өткізіп араластырады. Оның бетіне майсыз кілегей құяды. Барлығын жақсылап араластырып жей беруге болады. Ыстық шай немесе кофе ішіңіз.

Кешкі ас: 1 стақан кефир, бір уыс шие.

Екінші күн

Таңғы ас: Қуырылған жұмыртқа, 100 гр шие мен бір стақан кефир.

Түскі ас: Бір дана картоп пен тауық етін қайнатып, салат жасайды. Осы салатпен шие шырынын ішеді.

Кешкі ас: Жеміс жидектер мен көкөністерден дайындалған салат, бір стақан шие нәрсуы (компот).

Үшінші күн

Таңғы ас: Көкөністерден салат, бір стақан шие шырыны.

Түскі ас: Картоп пен күріштен қайнатылған сорпа.

Кешкі ас: 100 гр. қайнатылған балық, бір стақан кефир.

Төртінші күн

Таңғы ас: Екі дана қайнатылған жұмыртқа, 300 гр шие, шай.

Түскі ас: көкөністерден рагу, қайнатылған майсыз ет, бір стақан шие шырыны.

Кешкі ас: Шие мен үккіштен өткізілген сәбізден салат, қайнатылған екі дана картоп, бір стақан шие нәрсуы.

Бесінші күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, шиеден дайындалған нәрсу.

Түскі ас: 100 гр. қайнатылған балық, 3 дана кішірек-кішірек қайнатылған картоп, 1 стақан кефир.

Кешкі ас: Қайнатылған майсыз ет, шие шырыны.

Алтыншы күн

Таңғы ас: Көкөністерден салат, бір стақан шие шырыны.

Түскі ас: Картоп пен күріштен қайнатылған сорпа.

Кешкі ас: 100 гр. қайнатылған балық, бір стақан кефир.

Жетінші күн

Таңғы ас: 300 гр. шие, бір шыны шай немесе кофе.

Түскі ас: Көкөніс салаты, қайнатылған картоп, шие шырыны.

Кешкі ас: Қайнатылған картоп пен шиеден жасалған салат, бір стақан кефир.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ