​Сүт өнімдері арықтауға көмектесе ме?

0
6 940


​Сүт өнімдері арықтауға көмектесе ме?

фото: chastnosti.com

Сүттен жасалған ағарғандар арықтауға көмектеседі. Сондықтан да болар мүсінінің мінсіз болғанын қалайтын нәзікжандылар ас мәзірінен сүт өнімдерін үзбейді екен. Әсіресе кефир мен сүзбе дәруменге бай, май еріткіш өнімдер деуге болады. Әйткенмен, барлық сүт өнімдері бірдей салмақ тастауға септігін тигізеді деп айту қиын. Сол себепті де артық салмақтан арылуға қайсысы жақсы көмектесетінін біліп алған дұрыс.


Сүт

фото: 4tololo.ru

Сүт – ақуыз бен дәрумендердің қайнар көзі. Сонымен қатар, лактозаны да оның құрамынан табасыз. Бала кезінен сүт ішуге әдеттенген ересектерге сүт ішудің қажеті жоқ. Себебі сүт салмақ тастауға мүлде көмектеспейді. Керісінше таңғы асқа бір стақан сүт ішкеннен кейін, бір апта бойы жаттығумен шұғылданып, фитнеспен айналыссаңыз да ешбір салмақ жоғалтпайсыз. Мұның бәрі сүт ішкеннің пайдасы. Егер арықтауды толықтай қолға алсаңыз, күніне жарты стақаннан артық сүт ішудің қажеті жоқ.


Сүзбе

фото: avatars.mds.yandex.net

Сүзбені көптеген адамдар өте пайдалы өнім деп біледі. Оның бойында кальций мен фосфор бар. Дейтұрғанмен сүзбені шамадан тыс жеуге болмайтынын да естеріңізге саламыз. Өйткені майлы сүзбе ағзаны артық құнарлы аспен қамтамасыз етіп, май жинауға септігін тигізеді.

Диетологтардың пайымдауынша майсыз сүзбенің ағзаға еш пайдасы жоқ екен. Мұндай сүзбе құрамындағы кальций ағзаға сіңбейтін көрінеді. Сол себепті де майсыз түріне қарағанда майлы сүзбе әлдеқайда пайдалырақ.

Үнемі диетада жүріп, артық салмақпен күресетін жандарға сүзбенің 4-5 пайыз майлы түрін даңдауға кеңес береміз. Сонымен қатар, 1 пайыздан төмен болмағаны да дұрыс. Майлылығы басым сүзбелерде кальций көп мөлшерде кездеседі.


Кефир

фото: likar.info

Қышқыл сүт өнімдері барлық адамға өте пайдалы. Әсіресе артық салмақтан арыла алмай жүргендерге күн сайын ас мәзіріне кефирді қосқан жөн. Өйткені бұл өнім кальцийге бай. Жалпы кефир диеталық өнімге жатады. Сондықтан да кез келген емдәмде диетаны қолдану ұсынылады. Егер кефир асқазанға жағымсыз әсер ететін болса, оның орнын йогуртпен алмастыруға болады. Тек майсыз йогуртты таңдауды ұмытпаңыз. Болмаса майлы әрі құнарлы йогурт салмақ тастауға кедергі келтіруі мүмкін.


Сыр

фото: sportobzor.ru

Кальций мен триптофан амин қышқылы сырдың құрамында көп. Амин қышқылы тәттінің орнын басуға көмектесіп, қуаныш гормонын сыйлайды. Тәтті жегіңіз келсе, бір тілім сырмен алмастыра аласыз. Дегенмен, диета кезінде сырдың да мөлшерін азайтқан артықтық етпейді.

Артық салмақ - қашанда артық. Сондықтан да арықтауды армандасаңыз, жоғарыда келтірілген кеңестерге құлақ түріп, пайдалы диетаны іске асырыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ