Аяқ пен қолды АЙҚАСТЫРСАҢЫЗ ағзада 12 түрлі ӨЗГЕРІС болады

0
8 285

Осылай бір минут отырғаннан-ақ оның әсерін сезіне бастайсыз.


Аяқ пен қолды АЙҚАСТЫРСАҢЫЗ ағзада 12 түрлі ӨЗГЕРІС болады

Шығыс медицинасы аяққа үлкен мән береді. Жапонның да, қытайдың да жаттығуларының көбі осы аяқпен байланысты. Олар ежелден аяқты адамның ең басты тірегі деп біліп, аяқты күнделікті шынықтырып отырған. Қазіргі күні бұл тәсілді дәрігерлер де қолдайды. Олар аз-аздан болса да, күн сайын аяқты жаттықтыруға кеңес береді.

Иә, мамандардың аяққа мән беру бекер емес. Себебі адам ағзасының қартаюы бірінші аяқтан басталады. Егер аяқ жиі қозалса, ол икемділігін сақтайды. Үнемі қозағалыста болу аяқтың ерте қартаюына кедергі келтіреді. Өзге ағзалар да ұзақ уақыт жастығын жоғалтпайды. Сол себепті жиі жаяу жүріп, велосипед теуіп, жаттығу жасап, шпагатқа отыру қажет. Ал бұл жаттығуларды жасауға уақытыңыз болмаса, сізге өте қарапайым бір техниканы жасап көруді ұсынамын. Ол - қол мен аяқты айқастыру. Аяқ саусақтарында көптеген рефлекстік аймақтар және жүйке ұштары шеттері орналасқан. Саусақтарды айқастыру арқылы аяқты сол нүктелеріне әсер етеміз.

❗ Ескерту! Кез келген массажға және сауықтыру жаттығуына қарсы көрсетім бар. Сондықтан ең алдымен дәрігермен кеңескеніңіз жөн. Бұл жаттығуды тек аурудың алдын алу мақсатында орындаңыз.

Қандай пайдасы бар?


Қол мен аяқты айқастырып бір минут отырғаннан-ақ оның әсерін сезіне бастайсыз. Ал оны күнделікті жасауды әдетке айналдырсаңыз, ағзаңыздан мынадай 12 өзгерісті байқайсыз:

✔ Денеңіз ширығып, күні бойы сергек жүресіз. Алғашқы сәттен-ақ өзіңізді сергек сезінесіз. Егер таңертең ұяқыдан ояну қиын болса, осы әдісті қолданыңыз. Бір-екі-үш! Орныңыздан қалай атып тұрғаныңызды өзіңіз де аңғармай қаласыз.

✔ Көңіл-күйіңіз көтереңікі болады.

✔ Қан айналымы жақсарады. Табаныңыз аздап шаншыса әрі ысығаны байқалса, демек қай айналымы жақсарған.

✔ Лимфаның ағуы жақсарады.

✔ Варикоздың алдын алады. Қан айналымы және лимфаның ағуы жақсарғандықтан көктамырлардың ұлғаюы төмендейді.

✔ Аяқтың бұлшықеттері нығаяды. Майтабандықтың алдын алуға көмектеседі.

✔ Буынның қозғалғыштығын арттырады. Артроздың алдын алуға таптырмас тәсіл.

✔ Биологиялық белсенді нүктелерген әсер етеді. Аяқ саусақтарындағы көптеген рефлекстік нүкте барлық ағзамен байланысты. Сол нүктелерге әсер ету арқылы ағза жасарады.

✔ Аяқтағы белсенді нүктелермен бір уақытта қолдағы нүктелер де ағзаға өз әсерін тигізеді. Ағзаға екі есе пайдалы.

✔ Аяқтың ұйып қалуының алдын алады.

✔ Иммунитет көтеріледі.

✔ Жағымды әсер сыйлайды. Қанның әрбір жасушаға жеткенін сезінгенде, керемет күйге бөленесіз.


Қол мен аяқты отырып та, жатып та айқастыруға болады. Жаттығуды күн сайын, таңертең ұйқыдан тұрған кезде жасаған дұрыс. Алдымен бір аяққа, кейін екінші аяққа ауысыңыз. Алғашқы уақытта 1 минут жасау жеткілікті. Уақыт өте келе жаттығу уақытын ұзарта түсіңіз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

МЫНА жаттығу бойыңыздағы "ЖАУЫНГЕРДІ" оятады


Access Bars: АРТЫҚ ойлардан психологсыз-ақ АРЫЛАСЫЗ