Бетім әдемі болсын десеңіз, "күйіс қайыруды" жасаңыз

0
1 569

Сіз де бетті қалай аздыруға болады деп бас қатырып жүрсіз бе? Ендеше, ерінбей, жан-жақты еңбектеніңіз.


Бетім әдемі болсын десеңіз,

фото: i.thehealthypost.com

Томпақ бет, екінші иек пен салбыраңқы тері — бұл артық салмағы барларда ғана емес, кейде арық адамдардың өзінде кездесетін мүсін мәселесі. Жақ сүйектерінің айқын білініп тұрғанын, бет терісінің шымыр да тартымды болуын екінің бірі қалайды. Бірақ, ондай бет пішініне қалағанның бәрі қол жеткізе бермейді. Тек ерінбей еңбектенгендер ғана.

Сіз де бетті қалай аздыруға болады деп бас қатырып жүрсіз бе? Ендеше, ерінбей, жан-жақты еңбектеніңіз.


Жан-жақты еңбек — оған не кіреді?

  • Дұрыс тамақтану
  • Жаттығу жасау

Дұрыс тамақтану — бетті арықтату жолындағы басты қағида. Бетті аздыру үшін күнделікті ас мәзірінен ісінуге алып келетін азық түрлерін алып тастау қажет. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы аш жүрмеу, аз-аздан жиі тамақтану, таза ауыз судың тәуліктік қажет мөлшерін ішу, алкогольден бас тарту сынды жаттанды, бірақ жалықтырмауға тиіс ережелерді сақтаңыз.

Екінші бұлжымас ереже — жаттығу. Иә, біз сөйлейміз, күлеміз, ас шайнаймыз — мұның бәрі бет бұлшықеттерін белсенді қимыл-қозғалысқа келтіреді. Бірақ, арнайы жаттығулар бәрібір артық болмайды. Сондықтан, «бетті қалай арықтатуға болады?» деген сауалға біз мына жаттығулармен жауап береміз.


Дыбыстау жаттығуы

Алдымен бет бұлшықеттерін барынша босаңсытыңыз. Сонан соң «Х» және «О» немесе «Ы» және «У» дыбыстарын кезекпен-кезек айтасыз. Дыбыстау кезінде жақ сүйектеріңіз барында қозғалысқа келетін болсын. Әрбір дыбысты 40 реттен қайталаңыз. Осылайша күніне үш айналым жасайсыз. «Х» және «Ы» дыбыстарын айтқанда, жақ сүйектері қысыңқы қалыпта, ал, «О» және «У» әріптерін айтқанда, олар ашылып, ерін дөңгеленіп, нәтижесінде бұлшықеттер шынығады.


Балық жаттығуы


Ұртыңызды ішке қарай тартып, азу тістер арасына қыстырыңыз. Ерінді барынша алға қарай сүйірлейсіз. Осы қалыпта 3-5 секунд тұрып, қайта босатыңыз. 10 рет қайталау отырып, күніне үш айналым жасау жеткілікті.


"Күйіс қайыру" жаттығуы

Ұртыңызда сағыз бар деп елестетіп, жақ сүйектеріңізді барынша қозғай отырып оны «шайнаңыз». Бұл үшін бастапқыда сағызды қолдануға да болады. Басты мақсат — жақ сүйектерінің жоғары-төмен, оңға-солға барынша айналым жасауы. Күніне 2-3 рет 1-2 минуттан жасаңыз.


Ерінді көтеру жаттығуы

Басыңызды аздап артқа шалқайтып, астыңғы ерін мен иекті жоғарыға қарай барынша көтеріңіз. Осы қалыпта көтеріп-түсіруді 15 рет қайталаңыз. Бір күнде 3 айналым жасалуы тиіс.

Ұртыңызға барынша ауа толтырып, кейін қайта босатыңыз. Осылайша алдымен екі ұртты бірдей, кейін кезекпен-кезек ұртыңызды томпайтып-қабыстыру жаттығуын жасаңыз.

Көріп тұрғаныңыздай, бетті арықтататын жаттығуларды жасау өте оңай. Әйткенмен, әсерлілігінде сөз жоқ. Тек, уақытылы және қажетінше жасасаңыз болғаны.

Оқи отырыңыз:

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет