БҰЛ жаттығу ҚОРЫЛДАУДАН құтқарады

0
4 846

Бұл әдіс 7-8 сағат бойы тыныш ұйықтауға көмектеседі.


БҰЛ жаттығу ҚОРЫЛДАУДАН құтқарады

Дәрігерлер келтірген дәйекке сүйенсек, ұйықтағанда ересектердің 45%-ы ара-тұра, 25%-ы үнемі қорылдайды. Ал түн тыныштығын бұзатындардың басым бөлігі ерлер қауымы екен. Ел арасында ер азаматтың қорылы батырға тән әрекет деген түсінік қалыптасқан. Бірақ мамандар бұған кері пікір айтады. Олардың ойынша, қорылдың көптеген (артық салмақ, алкогольді ішімдіктер мен шылым) себебі бар. Дегенмен адамдарда жиі кездесетін негізгі себеп - тіл түбірінің ісінуі.

Тіл түбірі ісінгенде тыныс алу жолдары тарылып, сыртқа шыққан ауа жұтқыншақты дірілдетеді. Сөйтіп адам қорылдай бастады. Ал тілдің ісінуін басу және тыныс алу жолдарын ашу, яғни қорылдың алдын алу үшін дәрігерлер қарапайым әдісті ұсынады. Бар-жоғы бір қимылды қайталасаңыз, жатын бөлмеңізде түні бойы тыныштық орнайды.

Ескертетін жайт, мұндай әдіс қорылдаудан түбегейлі құтылуға көмектеспейді, тек 7-8 сағат бойы тыныш ұйықтауға әсері етеді. Егер қорылдаудан біржола арылғыңыз келсе, арнайы маманға тексеріліп, оның нақты себебін анықтау қажет.


Қалай жасалады?




Аузыңызды ашып, тіліңізді шығарыңыз. Сұқ саусағыңызбен тіл түбірінің (ақыл тістің деңгейінде) үстін аздап басыңыз. Кейін шеңбер бойымен ақырын массаж жасау керек. Содан соң саусағыңыздың қимылын біртіндеп күшейтесіз. Саусағыңызбен тіл түбірінің үстінен бірде қатты, бірде ақырын баса отырып иекке дейін жеткізесіз.


Массажды жасау барысында жағымсыз әсер сезілуі, тіпті аздап ауыруы мүмкін. Бұл қорқынышты емес. Қимылды әрі қарай жалғастырсаңыз, біршама уақыттан соң ауырғаны басылады. Осыдан кейін қорылмен бір түнге «қош айтысасыз».


Кейде тіл түбіріне массаж жасаған кезде лоқсуыңыз мүмкін. Мұндай кезде ары қарай жаттығу жасауға ынтаңыз жоғалады. Егер сіздің де массаж жасағанда құсқыңыз келсе, алдымен мына әдісті жасап көріңіз:



  • Қолыңызға тіс щеткасын алыңыз. Щетканың кері жағын (қылтанын жоғары қарата) тіліңіздің ортасына қойып, үстінен ақырын 10 секунд басыңыз.
  • Дәл осылай 2-3 күн бойы тіліңізді қайта-қайта басып, массаж жасаңыз. Біртіндеп масссаж уақыттын ұзартып әрі тілдің үстінен қаттырақ баса түсіңіз. Осылай лоқсу айтарлықтай басылады.
  • 2-3 күннен кейін тіс щеткасын тілдің түбіріне дейін апара отырып, үсітнен қаттырақ басыңыз. Осы қимылды тағы бірнеше күн қайталайсыз, соңында лоқсу толықтай жоғалады. Кейін жоғарыдағы жаттығуды жасап, қорылдаудан құтыла аласыз.


Дереккөз: adme.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ОРАЗА ұстаған адамға ЖАТТЫҒУ жасауға бола ма?


Фитнеске арналған ЕҢ ПАЙДАЛЫ 100 лайфхак