БҰЛ жаттығуды міндетті түрде КҮНДЕ жасау керек

0
625

Жаттығуды тіпті ғарышкерлер де жасайды.


БҰЛ жаттығуды міндетті түрде КҮНДЕ жасау керек

Бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен бұл жаттығудың адам денсаулығына көл-көсір пайдасы бар. Оны тіпті ғарыш сапарына дайындалған уақытта ғарышкерлер де, олимпиадалық ойындарға қатысатын спортшылар да міндетті түрде жасайды. Осыдан-ақ жаттығудың қаншалықты маңызды екенін байқаған боларсыз. Дегенмен оны жасау қиын емес. Үйіңізде де емін-еркін жасай аласыз.

Мектептегі дене шынықтыру сабағын еске салатын бұл жатығуы жай дененің құрысын жазу үшін қажет емес.Қолды айналдыру кезінде иық буынының қызметі жақсарады. Сонымен қатар, адамның көңіл күйін көтереді.


Қалай жасалады?

Жаттығуды орындау үшін алдымен аяқтарымызды иық деңгейінде ашып және тізеңізді аздап бүгіңіз. Әрі қарай табаннан бастап қозғалып, қолңызды айналдырыңыз.

Бір бағытқа қарай 15 рет айналдырған соң тоқтайсыз. Кейін дәл сол қарқынмен қарама-қарсы бағытқа айналдыру керек.

Егер бірсарындылықтан жалықсаңыз, оң қолыңызды алға, ал сол қолыңызды артқа айналдырып көріңіз. одан соң керісінше жасаңыз. Алғашқы кезде миыңыз мұндай қимылды дұрыс қабылдай алмай қалады, әрине. Бірақ көп өтпей бәрі қалыпқа түседі.


Қанда пайдасы бар?

Жаттығуды күнделікті орындау арқылы ағзаға мынадай пайда тигізеді:
1. Қан айналымы жақсарады және ми жасушаларының қызметі жақсарады.

2. Бойымызға қан жүгіріп, бұлшықет тіні жазылады, жасушаның жұмысы жандана түседі.

3. Тепе-теңдікті сақтауқа көмектседі.

4. Бас миныңы жартышарларының жұмысы күшейеді.

5. Зейін қою жақсарады.

6. Көңіл күйіңіз көтеріліп және күйзелісті басады.


Жаттығу қолдың икемділігін арттырады. Ол иық белдеуінің барлық бөлігіне әсер етеді. Сонымен қатар кеуде бұлшықеттері, арқа мен мойын де қозғалады. Сол себептен де иық бұлшықеттері нығайып, әдемі пішінге ие болады.


Бастапқы кезде бірқалыпты, баяу орындау керек. Уақыт өте келе жылдам қиымылдаңыз. Қолды айналдырып болған соң қосымша жаттығуларды орындауға, мысалы секіруге болады.


Егер күн сайын орындасаңыз, көп өтпей-ақ ағзаңыздағы жақсы өзгесіті байқайсыз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ер-азаматтардың ЕРКЕКТІК КҮШІН арттыратын жаттығу

БАСПАЛДАҚпен көтерілу арқылы мына АУРУЛАРды жеңуге болады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет