БАСПАЛДАҚпен көтерілу арқылы мына АУРУЛАРды жеңуге болады

0
3 786

​Әр басқыш өміріңізді 5 секундқа ұзартады: Баспалдақпен жүрудің сіз білмейтін 10 пайдасы


БАСПАЛДАҚпен көтерілу арқылы мына АУРУЛАРды жеңуге болады

Күнделікті жұмыс, күйбек тірліктен жүріп спортпен айналысуға уақыт таппаймыз. Тіпті таңертең ерте тұрып жаттығу жасауға да мойнымыз жар бермей жатады. Бірақ, арнайы жаттығу жасамай-ақ, денсаулықты нығайтуға болатын ең тиімді тәсіл бар. Ол – баспалдақпен жүру.


Қарапайым болып көрінгенмен, сатымен түсіп-шығудың пайдасы мол. Сондықтан бүгіннен бастап үйіңізге жету үшін лифт емес, баспалдақты таңдаңыз.


Баспалдақпен жүру – ең қарапайым жаттығу түрі. Ол үшін бағалы құрал-саймандар сатып алудың да, жаттығуды қалай орындау керек деп бас қатырудың да қажеті жоқ. Ең маңыздысы сол, нәтижесі көп күттірмей көрініс береді. Жаттығуды орындау үшін көп қабатты үйлердегі не болмаса ашық алаңда, саябақта орналасқан тепкішектер де жарайды.


Баспалдақпен жаттығу жасаудың 10 пайдасы:

1. Баспалдақпен жүрген әр минут калорияны жоғалтуға жұмсалады. Тепкішекпен жоғары көтрілу арқылы тіпті жүгіргеннен де артық калорияны жоғалтуға болады. Демек, баспалдақты қаншалықты жиі қолдансаңыз, артық салмақтан соншалықты оңай арыласыз. Салмақты жоғалту үшін, күнделікті баспалдақта 30 минут жаттығу керек. Ал күн сайын тепкішекпен жүрген 5 минутыңыз семіруді тоқтатады.

Не себептен жоғарыға көтерілгеннен, төменге түскен жеңіл? Себебі, сіз жоғарыға көтерілгенде гравитациялық күшке қарсы тұрасыз. Ол үшін бізге көп күш қажет болады. Сол себептен де жоғарыға көтерілу арқылы біздің денеміз көп калорияны жоғалтады.


2. Баспалдақпен жүру адам ағзасында эндорфиннің (бақыт гормоны) бөлінуіне ықпал етеді. Жаттығуды күнделікті әдетке айналдыру арқылы көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді.


3. Баспалдақпен жүру – жүрек жұмысын жақсартады. Жүрек ауруларының алдын алады.


4. Жоғары көтерілгенде біз гравитацияға қарсы тұрып, бүкіл денемізді көтереміз. Бұл аяқ бұлшықеттерін күштірек жұмыс жасауға әсер етеді. Аяқ пен бөксеге күш түсіп,терең тыныс аламыз. Жүректің соғуы жиілеп, бүкіл денедегі қан айналымының жұмысы артады.


5. Буын мен бұлшықеттер нығаяды.


6. Жаттығудың бұл түрін дәрігерлер де қолдайды. Олардың пікірінше, баспалдақпен жүру қуатты арттырып, иммундық жүйені күшейтіп, қан диабетінің дамуына кедергі келтіреді екен.


7. Өкпенің жұмысын жақсартады.


8. Баспалдақпен күніне бес мәрте көтеріліп-түскен ерлердің инсульт алу қаупі 30% -ға төмендейді.


9. Баспалдақпен жүрудің ұзақтығы 7 минуттан асқан кезде жүрек ұстамасы қаупі азаяды.


10. Баспалдақпен жүру мидың саулығын арттырады. Neurobiology of Aging журналында жарияланған зерттеуде адам неғұрлым баспалдақпен көп жүрсе, оның миы соғұрлым жасара түсетіні айтылған. Монреалдағы (Канада) Конкордия университетінің жетекші зерттеушісі Джейсон Стеффенер мен оның әріптестері 19 және 79 жас аралығындағы 331 дені сау адамның миын зерттеу үшін магнитті-резонансты томографияны (МРТ) пайдаланды.

Олар қатысушылардың миындағы күкірт мөлшерін өлшеді. Өйткені оның төмендеуі − қартаю үдерісінің белгісі. Кейін зерттеушілер қатысушылардың ми көлемі мен қанша уақыт білім алғанын және баспалдақпен қаншалықты көп жүргенінің арақатынасын есептеген. Нәтижесінде адам баспалдақ арқылы неғұрлым көп көтерілсе, оның миы соғұрлым «жасаратыны» белгілі болған.


Денсаулық саласында қызмет ететін АҚШ-тың атақты мамандары Дэвид Хэррингтон мен Дэвид Пэйт баспалдақпен жүрген әр қадам адам өмір сүру ұзақтығын 5 секундқа арттыратынын анықтаған. Күн сайын баспалдақпен жүретіндер арасында өлім 33 пайызға азаятындығы да белгілі болды.


Баспалдақпен жүру және баспалдақпен жоғары көтерілу – екі түрлі жаттығу. Екеуі де денсаулықты нығайтуға әрі артық салмақтан арылуға көмектседі.


Кімдерге жасауға болмайды?


Баспалдақпен жаттығу жасауға кіріспес бұрын оның денсаулыққа қарсы көрсетілімдері бар екенін естен шығармаңыз. Оның пайдасы зор болса да, кейбір жандарға, әсіресе, тізесі ауыратын, жүрек-қан тамыр аурулары мазалағанда, варикозы және жоғары қан қысымы барлар, ауыр жарақаттанған жандарға жасауға болмайды.

Егер сіз 9-шы қабатта тұратын болсаңыз, лифтіден бірден бас тартпаңыз. Алғашында, 4 қабатты баспалдақпен, ал қалғанына лифтімен көтеріліңіз. Кейін 5 қабат, осылай қабат санын арттырып отырыңыз.


Қалай бастау керек?

Алғашқы кезде баспалдақпен асықпай түсу керек. 10-15 минут бойы ақырын басып, төмен түсіңіз. Бастапқыда көп жүрудің қажеті жоқ. Себебі ертесіне орныңыздан тұра алмай қалу қаупі бар. Баспалдақпен жүру уақытын күн сайын аздап арттырып отыруға болады. 4 аптададан соң 30-45 минутт жүріп, жақсы нәтижеге жете аласыз.

Баспалдақпен көтерілмес бұрын бойды қыздырып алуды да ұмытпаңыз.


Қандай киім кию керек?


Жаттығуды орындай үшін арнайы киім сатып алудың қажеті жоқ. Бірақ, аяқ киімді кез келгенін киюге болмайды. Ол үшін кроссовка өте қолайлы. Себебі баспалдақпен жүру барысында секіру, жүгіру сынды түрлі қимылдар жасау керек болады. Сондай кездерде кроссовка аяқты тайып кетуден сақтайды.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


САЛБЫРАҒАН қарыннан ТЕЗ АРАДА құтылудың ЕҢ ДҰРЫС әдістері


ЖӨТЕЛден біржола АЙЫҚТЫРАТЫН жаттығу бар