​«Кем дегенде 150 минут»: Мамандар карантинге байланысты кеңес берді

0
1 429


​«Кем дегенде 150 минут»: Мамандар карантинге байланысты кеңес берді

Еліміз бойынша барлық облыстарда шектеу қойылып, алып шаһарлар карантинге жабылды. Карантин режимін сақтау керектігін күн-сайын ескертіп, тіпті ережені бұзғандар темір тордың ар жағынан бір-ақ шығып жатыр. Әрине, түрмеге қамалғанша немесе ауру жұқтырып палатада жатқанша, үйде, отбасыңмен бірге болған дұрыс.

Бірақ үйіңізде болсаңыз да сақталуы қажет ереже бар екенін еске саламыз. Оны сізге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары айтып берсін.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық кеңсесінің басшысы Жоао Бреда карантин уақытын өткізуге байланысты бірнеше ереже сақтау керектігін ескертеді.


Маманның пікірінше, мұндай уақытта ең маңыздысы - қозғалысты тоқтатпау.

Бір орында жарты сағаттан артық қозғалыссыз отыруға болмайды. Сүйікті әуеніңізге билеу, балалармен ойнау, үй жинау немесе бақшаны көгалдандыру сынды жұмыстардан қолыңыз босамсын. Тіпті телефонмен сөйлескен кезде де бөлмелерді аралап жүріңіз.

Күнделікті дене жаттығуын жасағаныңыз жөн. Кем дегенде 75 минут жоғары физикалық белсенділік немесе аптасына 150 минут орташа қарқынды белсенділік қажет. Бұл стандарттарды үйден шықпай-ақ, арнайы спорттық жабдықтарсыз орындауға болады.

Қандай жаттығуларды жасауға болады деп бас қатырмайсыз. Жаттығудың кез-келген түрі жарайды. Ал егер ерекше түрін таңдағыңыз келсе, телефоныңыз көмекке келеді. Смартфоныңыздан үй жағдайында орындауға болатын қосымшалардың түр-түрін таба аласыз.


Мысалы, Nike Training Club. Nike брендінің қосымшасы арқылы 200 жуық жаттығуы түрін тегін пайдалануға болады. Жаттығулар әсем әуен ырғағы және жаттықтырушының бұйрығымен орындалады. Бұл қосымшада атақты спортшылардың жаттығулары да жүктелген. Сіздің Криштиану Роналдудың әдісі бойынша жаттығуы орындауға мүмкіндігіңіз бар.


Қолыңыз қал еткенде күнделікті жаттығулар - фитнес қосымшасын қосыңыз. Мұнда жаттығулар видео түрінде берілген. Күн сайын бар-жоғы 5-10 минутыңызды арнасаңыз, жеткілікті. Жаттығулар барлық бұлшықеттерге әсер етіп, жеке жаттықтырушының көрсетуімен орындалады.


30 Day - Squat Challenge қосымшасы - бір ай бойы жеке жаттықтырушыңызға айналады. Қосымшада қиын жаттығулар атымен жоқ, қарапайым отырып-тұру жаттығуы ғана енгізілген. Аталған жаттығудың 13 нұсқасы ұсынылады.

Дене белсенділігінен бөлек, тұзды, қантты және майлы тағамдарды тұтынуды азайтуды естен шығармаңыз. Тұтынылатын әр тағамға көкөністер, жемістер, бұршақ дақылдары және дәнді дақылдар, соның ішінде қарақұмық қосылуы керек. Жақсы көңіл-күйде күніне 3-4 рет тамақ ішуді ұсынады.

Үй-жайлардағы ластанған ауа қарт адамдар мен балалар жағымсыз әсер етеді. Сол себепті табиғи желдетуді қамтамасыз ету үшін әрбір 2 сағат сайын үй-жайды кемінде 30 минут желдету қажет. Үйде температураны 19°C -ден 22 °C-ге дейін ұстау шарт.


Суды көбірек ішіңіз, ал алкоголь мен шылымнан түбегейлі бас тарту керек. Алкоголь адам психологиясына әсер етеді. Темекі өкпе аурулары дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады және өкпе альвеолының қалыпты қызметінің тез бұзылуына ықпал етеді. Ғылыми зерттеу нәтижелері темекі шегуден бас тартқан кезде тыныс алу қызметінің жақсаратынын, өкпе аурулары симптомдарының күшеюі мен асқыну жиілігінің бәсеңдейтінін, өкпе обырының даму қаупі төмендейтіндігін, жұқпалы ауруларға төзімділігінің артатынын көрсеткен.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Коронавирустан дұрыс ТЫНЫС АЛУ арқылы ҚОРҒАНУҒА болады


ЖЕҢІЛ босану үшін МЫНА жаттығуды жасау керек