КӨЗ шаршағанда ДӘРІСІЗ-ақ БІР МИНУТТА қалпына келтіре аласыз

0
3 597

Көз шаршағанда тамызатын дәрісіз-ақ осы әдіспен басуға болады.


КӨЗ шаршағанда ДӘРІСІЗ-ақ БІР МИНУТТА қалпына келтіре аласыз

Көпшілігіміз тек жұмыс барысында ғана емес, үйге келген соң да компьютерді қолданып жатамыз. Компьютер алдында ұзақ отыру көзімізге зиянын тигізеді. Бұл көздің қызаруына, шаршауына әкелуі мүмкін. Сіздің мониторыңыз қаншалықты заманауи болса да, көзіңіз шаршай бастайтынын ұмытпау керек. Оған қазіргі смартфондар да әсер етпей қоймайды. Өйткені, компьютерге қарағанда олардың экраны тым кішкентай. Сондықтан көзге бірнеше есе күш түседі. Сіз қайсысын жиі қолдансаңыз да, көзге арналған жаттығуларды жасауды әдетке айналдырғаныңыз жақсы. Өйткені, көз – біздің денсаулығымыздың басты айнасының бірі.

Ең алдымен нүктелі массажды жасап көрелік.

Көз шаршағанда тамызатын тамшыларсыз-ақ осы әдіспен басуға болады. Бастысы, қай нүктелер екенін нақты білсеңіз болғаны. Нүктелер саны небары төртеу.Жасалуы да өте жеңіл.

№1 нүкте

Ол біздің көзіміздің ішкі жақ бұрыштарында орналасқан. Мұндай нүкте екеу. Сіздің міндетіңіз осы екі нүктені синхронды түрде басу.


№2 нүкте

Олардың саны өзгелерден артық. 3 нүкте. Олар қастың сыртқы шетінде, ортасында және ішкі шетінде орналасқан. Бұл массажды екі қолмен жасау керек. Сонда екі қасты бір уақытта баса аласыз.


№3 нүкте

Бұл нүктені екі қастың түйіскен жерінен табасыз. Мұрынның ең жоғарғы тұсы, екі қастың ортасына қырындап басыңыз.


№4 нүкте

Оның орналасқан жері көздің алдында. Яғни, оның дәл орналасқан жері - төменгі қабақтан жарты сантиметр төменде. Әрі сіз бұл жерде бір көзді ңастында емес, бірден екеуінің астында жұмыс істеуіңіз керек.


Бұл нүктелерді қалай уқалау керек?

Мұны саусақтардың көмегімен жасайсыз. Массаж шамамен бір минутқа созылғаны жөн. Нүктелерді күш түсіре басу керек, бірақ, мұқият жасаған дұрыс. Ауырсыну болмауына назар аударыңыз.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


САЛБЫРАҒАН қарыннан ТЕЗ АРАДА құтылудың ЕҢ ДҰРЫС әдістері


ЖӨТЕЛден біржола АЙЫҚТЫРАТЫН жаттығу бар