ЖӨТЕЛден біржола АЙЫҚТЫРАТЫН жаттығу бар

0
5 352

Жаттығу иммунитетті ғана көтеріп қоймайды, сонымен қатар, мүсініңізді әдемі ете түседі.


ЖӨТЕЛден біржола АЙЫҚТЫРАТЫН жаттығу бар

Иммунитетті көтеру үшін жасалатын жаттығулар – адамның дұрыс өмір салтын ұстана білетінінің көрінісі. Мұндай жаттығуларды тұрақты түрде жасап отыру арқылы сіз ағзаңызды өзге бактериялардан қорғай аласыз. Тіпті, жаттығып жүрсеңіз, суық күндерде ауырмай жүруге де болады. Алдымен, ағзаның қорғаныс қабілеті, яғни иммунитет дегеннің не екенін анықтап алайық.


Иммунитетті көтеретін жаттығулар

Сіздерге үй жағдайында жасалатын бірнеше жаттығу түрін ұсынамыз. Нәтижеге тезірек қол жеткізу үшін бұл жаттығуларды таңертең жасаған дұрыс. Небары 10-15 минут уақыт кетеді. Ал, одан кейін ағзаңыз сізге «алғыс» айтады. Таңғы жаттығу кезінде көңіл-күйіңіз бен дем алуыңызға мән беріңіз. Ағзаңызға тым қатты күш салмаңыз. Денеңізді бос ұстаңыз.


Бірінші жаттығу: Түзу тұрыңыз. Аяғыңыз иық деңгейінде болсын. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрып терең дем алыңыз. Демді шығарғанда қолды түсірмеңіз. 10-15 рет қайталаңыз.

Екінші жаттығу: Екі қолыңызды беліңізге қойып, түзу тұрыңыз. Беліңізбен екі жаққа кезек-кезегімен шеңбер қимылын жасаңыз. Жаттығу кезінде жиі тыныстап тұрыңыз. 10-15 рет қайталауға болады.

Үшінші жаттығу: Тік тұрыңыз. Екі қолды екі жаққа созамыз. Аяғыңыз бен денеңіздің арасында дұрыс бұрыш болу үшін денеңізді алға қарай еңкейтіңіз. Дем шығарған кезде кезек-кезек, әр қолыңызбен башпайларыңызды түртіңіз. Шабыттанған кезде бастапқы позицияға оралыңыз. Бұл жаттығуды әр қолыңыз үшін 10-15 рет қайталаңыз. Дұрыс тыныс алуды ұмытпаңыз.

Жаттығу иммунитетті ғана көтеріп қоймайды, сонымен қатар, мүсініңізді әдемі ете түседі. Жаттығулармен бірге ас мәзіріңізге пайдалы тағамдарды енгізіңіз. Ботқалар, көкністер мен жемістерді жиірек тұтыныңыз. Құрамында С дәрумені мол цитрус жемістері де иммунитетті көтеруге өте пайдалы. Сарымсақты жиі қолдануды да әдетке айналдырған абзал. Сонымен бірге, күн сайын 1,5-2 литр су ішуді ұмытпаңыз.

Әлсіз иммунитет тұқым қуалайды деп те айтылады. Алайда, аурушаңдығымызды гендік тұрғыда жаба салуға болмайды. Әрдайым саламатты өмір салтын ұстану арқылы ағзамызды үнемі жақсартып отыруға болады. Ол тіпті қиын емес. Осы орайда өз өзіңізге массаж жасау арқылы жақсы нәтижеге жетуге болатынын айтқымыз келеді. Бұл массажды тұрақты түрде жасасаңыз, мұрынның бітуі мен жөтелді біржола ұмытасыз. Орындалуы да өте қарапайым:

*Алақаныңызды ашыңыз, саусақтарыңызды жазыңыз;

*Екінші қолыңызбен бір қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусағы арасын уқалаңыз;

*Осы қалыппен барлық саусағыңызды уқалап шығыңыз;

*Содан кейін екінші қолыңыздың саусақтарына жасап шығыңыз;

*Бұл жаттығуларды әр қолға 4 реттен жасау керек.

Массажды күнделікті жасап тұрыңыз. Ал, тұмаурата қалсаңыз күнінен бірнеше рет жасасаңыз, көмегі тиеді.

Йога және пилатес иммунитетті күшейтетін жаттығу түрлері болып саналады. Бұл жаттығу түрлерімен аптасына 2 рет жаттыққанның өзі пайдалы. Әрине, бастапқыда бұл жаттығуларды спорт залдарында, тренердің көмегімен жасаған дұрыс.

Сырқаттанған кезде жасалатын жаттығулар

Егер түшкіріп, мұрыннан су ағып тұрса, ауруды жеңу үшін денені қыздырып жаттығу жасаған жөн. Ал, дене қызуы көтеріліп, ештеңеге зауқыңыз соқпай тұрса, қатты ауырып тұрсаңыз жаттығу жасамайсыз. Ондайда өз ағзаңызды тыңдау керек. Бастысы, ұйқыңызды дұрыстаңыз. Сіз ауырсаңыз да, ауырмасаңыз да, әрдайым ұйқыңыз тыныш болуы керек. Сіздің ұйқыңыз неғұрлым қанық болса, иммунитетіңіз де жақсара түседі. Ашуланбауға тырысыңыз. Өйткені, адам ашуланғанда иммунитет әлсірейді, вирустармен күресу қиынға соға бастайды. Егер жиі қобалжитын болсаңыз, ашуға ерік беретін болсаңыз барлығын қағазға жазып отыруға тырысыңыз. Бұл әдіс іштегі жаман энергияны шығарып, иммунитетіңізді сақтауға көмектеседі.


Ағзаны шынықтыру жайында не білеміз?

Деніміз сау болу үшін өзімізі соған лайықты амалдар жасауымыз керек. Суыққа, ауруға қарсы тұру үшін жүзумен айналысудың пайдасы зор. Оған мүмкіндік болмай жатса, салқын сумен жуыну, контрасты душ қабылдауға болады. Контрасты душты қабылдаған кезде өзіңізге жағдай жасаңыз. Мысалы, ондай душқа түсу кезінде алдымен жылы температурадағы су болғаны дұрыс. Одан кейін суды ыстық жағына қарай ақырын ауыстырыңыз. Су ысыған кезде астында 30 секунд тұруға тырысыңыз. Одан әрі 20 секунд мұздай судың астында тұрыңыз. Душ қабылдауды жылы сумен аяқтаңыз. Екі аптада бір рет моншаға түсіп тұрыңыз. Үй жағдайында жылы ванна қабылдап тұрған абзал. Мұндай процедуралар ағзаңыздың жұмысын жақсарта түседі. Ваннадан кейін мелисса немесе лимонмен шай ішіп, тынығыңыз. Ол да ағзаға өте пайдалы.

Қарапайым жаттығулармен бірге таза ауада жиі серуендеп тұрған абзал. Таза ауа қай кезде де ағзаға қорек. Сондықтан, тамақтанып болған соң кешкілік серуенге шығып қайтыңыз. Мүмкіндік болып жатса, таңертең таңғы салқынмен далада жаттығулар жасаңыз, жүгіріңіз. Сол кезде қанайналым жақсарып, ағзаңыз қуат ала бастайды. Иммунитетіңіз де күшейе түседі. Күніңіз қимыл-қозғалыспен басталса, күні бойы сергек, көңілді жүресіз. Ал, көңіл-күйдің керемет болуы ісіңіздің өнімді, берекелі болуына ықпал етеді. Сондықтан, аса бір қиындық тудырмайтын жаттығуларды үнемі жасап жүруге кеңес береміз.

Шаршағыштықтан, көңіл-күйдің болмауынан, аурудан бойыңызды алыс ұстағыңыз келсе осындай қарапайым қағидаларды орындап жүрсеңіз болғаны. Жылына 2 рет дәрігердің кеңесіне жүгініп тұрған да артықтық етпейді.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ.

Тағы да оқыңыз:


Жатырдың төмен түсуін жаттығумен емдеуге бола ма?

Жаттығудан кейін жасауға болмайтын 10 әдет