​КҮЙЗЕЛІСтен арылуға арналған ЖАТТЫҒУЛАР бар

0
1 942

Бар-жоғы 10 минут уақыт бөлсеңіз жетеді


​КҮЙЗЕЛІСтен арылуға арналған ЖАТТЫҒУЛАР бар

фото: megazdorov.ru

Стресс – бүгінгі қоғамның дерті. Оған шалдықпау өз қолымызда. Десе де, дес беріп қоятынымыз бар. болмайтын дүниеден стресс алып, өз-өзімізді қинаймыз. Күйзелістен, стресстен арылу үшін қымбат дәрімендер ішеміз, психологтың көмегіне жүгінеміз. Олай әуре болудың қажеті шамалы дер едім. Жай ғана жаттығу жасау арқылы жеңуге болады. Ендеше, стресспен күресетін жаттығулар легімен танысайық.


1-жаттығу: «Балмұздақ»
Тіке тұрып, қолыңызды жоғары көтеріңіз. Қолдарыңызды барынша жоғарыға созып, тартыңыз. Денеңіз қолыңыздың көтерілгенін сезу керек. Осы қалыпқа үйрену үшін әрі шаршағаныңызды сезу үшін бірнеше минут тұрасыз. Балмұздақ сияқты қатып қалғаныңызды елестетіп көріңіз. Енді үстіңізден күн пайда болып, оның сәулелері сізді жылыта бастады деп елестетіңіз. Көзге көрінбейтін сәулелердің астында баяу «еріп» бастаңыз. Алдымен қолдарыңызды, сосын білектеріңізді, одан кейін иықтарыңызды, мойныңызды, денеңізді, соңында аяқтарыңызды босаңсытыңыз. Терең демалыңыз.

Осы жаттығудан соң бойыңыздың жеңілдегенін сезесіз.


2-жаттығу: «Жұлдыздарға қол созу»

Аяқтарыңыздың арасын шамалы ашыңыз. Иығыңыздың тұсында тұрғанын қадағалаңыз. Енді дем алған кезде қолдарыңызды жоғары көтеріп, жұлдыздарға жетуге тырысатындай созыңыз. Дем шығарған кезде қолыңызды төмен түсіріп, ары-бері сермейсіз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз. Стресстен тез арылу үшін, қолыңызды көтерген кезде терең тыныс алуға және саусақтарыңызды барынша жаюға тырысыңыз.

фото: sportishka.com

3-жаттығу: «Лимон»

Ыңғайлап отырып алыңыз. Қолыңызды тізеңізге (алақанды жоғары) қойыңыз. Иығыңыз бен басыңызды төмен түсіріп, көзіңізді жұмыңыз. Оң қолыңызда лимон бар деп ойша елестетіңіз. Барлық шырынды сығып алғаныңызды сезгенше оны баяу сығуды бастаңыз. Сосын босаңсыңыз. Осы кезде өзіңізді қалай сезінетініңізді есте сақтаңыз. Енді лимон сол қолыңызда деп елестетіңіз. Жаттығуды қайталаңыз. Қайтадан дем алыңыз және сезімдеріңізді есте сақтаңыз. Содан кейін жаттығуды екі қолмен бір уақытта орындаңыз. Босаңсыңыз. Тап осы сәтіңізден рахаттанып, ләззат алыңыз.


4-жаттығу: «Дыбыстық гимнастика»

Дыбыстық гимнастиканы бастамас бұрын орындыққа сүйеніп тіке отырасыз. Айналаңыз тыныш болу керек. Денеңіздің бос тұрғанын байқаңыз. Алдымен мұрнымызбен терең тыныс аламыз, дем шығарған кезде дыбысты қатты және күшті қарқынмен айтамыз.

Біз 30 секунд ішінде келесі дыбыстарды қайталаймыз:

A – бүкіл ағзаға пайдалы әсер етеді;

E – қалқанша безге әсер етеді;

И – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

О – жүрекке, өкпеге әсер етеді;

У – іш аймағында орналасқан ағзаларға әсер етеді;

Я және М – бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді;

X – денені тазартуға көмектеседі;

ХA – көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.


5-жаттығу: «Йога»

Йога стрессті жеңуге және бұлшықетті созуға көмектеседі. Жаттығу адамға тыныштық пен тез есін жиюға мүмкіндік береді. Әсіресе, мына жаттығулар стресстен тез арылуға көмектеседі:

• арқаңызды тіке ұстап, тік тұрасыз;

• терең дем алыңыз және дем шығарған кезде саусақтарыңызбен тұрыңыз;

• дем алу кезінде екі қолды бір мезгілде жоғары көтеріп, дем шығару кезде төмен түсіресіз, бұлшық еттерді қатты кернейсіз;

• содан кейін денеңізді босатып жатқаныңызды елестете отырып, алға еңкейіңіз;

• осы қалыпта шамамен бір минут тұрыңыз, мүмкіндігінше демалуға тырысыңыз;

• содан кейін дереу бастапқы қалыпқа оралыңыз және денеңізді қозғалтыңыз.

Бұл бес жаттығуды дұрыс орындасаңыз, әп-сәтте-ақ стресстен арылып, өзіңізді еркін әрі сергек сезінесіз.


Дереккөз: ped-kopilka.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮКТІЛІКТІҢ алғашқы айында жасалатын ЖАТТЫҒУ


Көздің КӨРУ қабілетін ЖАҚСАРТАТЫН жаттығу