​МОЙЫН ауырғанда ЖАТТЫҒУ жасаңыз

0
2 418

Бұл жолы мойын омыртқасын босаңсытуға арналған жаттығулар жиынтығын ұсынамыз.


​МОЙЫН ауырғанда ЖАТТЫҒУ жасаңыз

фото: serg-crb.ru

Мойын кез келген жағдайда ауырады. Суық тигізіп алсаңыз да, оқыс бұрылсаңыз да, жастыққа дұрыс жатпасаңыз да, желде отырсаңыз да мойын ауыруы мүмкін. Мойын ауырған кезде қол әлсізденеді, саусақтар ұйып қалады, тері тітіркенеді.

Осындай жағдайға тап болғанда өз бетіңізше ем алуға асықпаңыз. Міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

Егер ауруыңыз дәрігермен байланыса алмайтын демалыс күндері немесе түнде сыр берсе, онда мына жаттығуды жасаңыз.


1. Иықты айналдыру

Жаттығуды отырып орындайсыз. Орындыққа жайғасып отырасыз. Арқаңызды түзу ұстайсыз. Қолыңызды төменге салбыратып түсіріңіз. Сосын оң иығыңызды алға-артқа кезектестіріп айналдырыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталайсыз. Сонан соң сол иықпен жаттығуды жалғастырыңыз.


2. Иекті төмен түсіру

Жаттығу барысында орындыққа отырыңыз. Алдыңғы жаттығудағыдай арқаңызды түзу, қолыңызды салбыратып қойыңыз. Иегіңізді кеудеге қарай барынша төмендетіп, басыңызды салбыратыңыз. Арқаңыздың түзу тұрғанын қадағалаңыз.

Жаттығуды 10 рет қайталау керек.

фото: put-sily.ru


3. Басты екі жаққа еңкейту

Әдеттегідей тік отырамыз, арқамыз түзу, қолды төмен түсіреміз. Басыңызды алға қарай еңкейтесіз. Сосын оң иыққа, кейін сол иыққа кезекпен қисайтамыз. Бұл жаттығуды да 10 рет қайталау қажет.


4. Басты екі жаққа бұру

Бұл алдыңғы жаттығуға ұқсас орындалады. Бірақ бұл жолы басымызды еңкейтпейміз. Тек айналдырамыз. Иекті де төмен түсірудің қажеті жоқ. Тік тұрған бойда басыңызды оңға және солға кезектестіріп айналдырасыз. Жаттығу 10 рет орындалады.


5. Иекті жоғары көтеріңіз

Сонда басыңыздың да шалқайғанын байқайсыз. Осы қалыппен оңға-солға кезектесіп бұрасыз. 10 рет қайталасаңыз, мойын тұсының ауырғаны басылады.


6. Басты 45 градусқа бұру

Басыңызды жартылай оңға бұрып, оң қолыңызбен басыңызды ұстайсыз. Алақанымызды бастың артқы жағына қоямыз, шынтақ бетпен бір бағытта болады. Басыңызды алға еңкейтіп, қолыңызбен мойынды созуға көмектесеміз. Содан кейін қарама-қарсы бағытта орындаймыз. 10 рет баяу қимылмен жасау керек.


Берілген 6 жаттығуды да баяу қимылмен жасаған жөн. Өйткені мойын өте нәзік келеді. Оқыс қимыл керісінше әсер беруі мүмкін. Қайсы жаттығуды жасасаңыз да 5 минуттан асырмаңыз. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жаттығуды кез келген орында, кез келген уақытта жасауға мүмкіндік мол.


Дереккөз: sportmaster.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮКТІЛІКТІҢ алғашқы айында жасалатын ЖАТТЫҒУ


Еркектің ҚУАТЫН арттыратын ЖАТТЫҒУ