МУЗЫКАМЕН жаттыққандар ТЕЗ АРЫҚТАЙДЫ

0
2 949

Ал ол үшін қандай әуен тыңдау керек?


МУЗЫКАМЕН жаттыққандар ТЕЗ АРЫҚТАЙДЫ

Фото: lifehacker.ru

Көп адамдар әуен тыңдап жүгіргенді ұнатады. Мамандар құлаққап арқылы жүгіру ауызды жауып жүгіруге итермелейді дейді. Ал ол ағзамызға оттегінің дұрыс бармауына ықпал етеді. Дегенмен музыканың да жағымды жақтары бар. Оған тіпті ғылыми зерттеулер де жасалған. Музыка жүгіру, велотренажер, күштік жаттығулар кезіндегі нәтижені жақсартады. Тіпті оның аз уақытта артық салмақтан арылуға әсер ететіндігі де дәлелденді.

Спорт және физикалық жаттығулардағы ғылым деп аталатын Британдық Ассоциация тәжірибе жүргізу арқылы музыка тыңдап жүгірумен айналысқан спортшылардың 15 пайызының әуен тыңдамай жүгіргендерге қарағанда жақсы нәтиже көрсеткенін айтады. Соған қарағанда ритмнің жүйелі болуы оттегіні қатты қажет еткізбейді әрі шаршағыштықты 12 пайызға дейін төмендетеді. Ал неміс ғалымдары музыканың ауыр жаттығулар жасаған кезде ауырсынуларды сезбеуге әсер ететінін айтады.



Фото: freakdeluxe.co.uk

Музыканың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында ғалым Томас Фритц 63 еріктіге тәжірибе жүргізіп көрген. Ол жаттығу жасаушыларға екі топқа бөліп, бірінші топқа жаттығудың басынан аяғына дейін музыка тыңдатқан. Ал екінші топқа тек жаттығудың кей бөліктерінде ғана музыка қосып отырған. Нәтижесінде қозғалыс кезінде бірыңғай музыкамен жаттыққандардың қатты шаршамағаны белгілі болды.


Әуеннің темпі неғұрлым жылдам болса, жаттығу көбірек жасалады

Фото: fb.ru

Мұндай тұжырымды Ливерпульдегі британдық спорт және дене шынықтыру институтының мамандары жазды. Профессор Вотерхаус велоэргометр арқылы музыка темпінің әсерін зерттеді. Денсаулығы жақсы 12 студент басқышты айналдыра отырып 6 түрлі әуенді тыңдаған. 3 әуен баяу, 3 әуен жылдам айтылды. Соңында жылдам әуен тыңдап жаттығу жасаған студенттер жақсы нәтиже көрсеткені анықталды.


Сүйікті музыка өнімділікті арттырады

Фото: shape.ru

Гамильтон университетінің физиология кафедрасының жетекші маманы Мэтью Сторк 20 еріктіні таңдап, велотренажер арқылы зерттеу жүргізген. Олардың ешқайсысы бұрын-соңды спортпен, атлетикамен айналыспаған. Мэтью Сторк 30 секундтық жаттығудан кейін оларға демалуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ велотренажер және кардиомонитордың көрсеткішін жазып алды. Содан кейін жаттығуды музыка арқылы қайтадан жасатқан. Маманның пікірінше, екі жаттығудың айырмашылығы едәуір болған. Әуеннің ырғағымен жасалған жаттығудан кейінгі жағдай өте жақсы көрсеткіш көрсеткен. Мэтью Сторктың айтуынша, адамның сүйікті музыкасы жаттығу кезінде темпке оңай түсуге көмектеседі.

Кімде-кім жүгірудің әдетке айналдырған болса өзі ұнататын әуенді тыңдаған пайдалы. Бұған жоғарыда атап өткен ғылыми зерттеулер дәлел бола алады. Ең бастысы өз ағзаңызды тыңдап үйреніңіз!

Дереккөз: zozhnik.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

ҰЗАҚ өмір сүруді қаласаңыз МЫНА жаттығуды 5 МИНУТ қайталаңыз


МЫНА жаттығумен көктемгі ӘЛСІЗДІКТІ орныңыздан ҚОЗҒАЛМАЙ-ақ жеңесіз