​Ота жасатқандарға қандай жаттығумен айналысу керек?

0
1 341

Бұл өте маңызды, тезірек аяққа тұруыңызға септігін тигізеді.


​Ота жасатқандарға қандай жаттығумен айналысу керек?

фото: capiton-mebel.ru

Ота – ажалмен бетпе-бет келу десек артық айтқандық болмас. Оның түріне қарай ауыры және жеңілі болады. Қандай жеңіл ота болса да, адам үлкен тәуекелге барады. Өз өміріңізді сеніп ақ халаттыларға тапсырып, өз еркіңізбен пышаққа түсесіз. Одан бас тартуға болмайды. Себебі дертіңізге дауа болатын ең соңғы ем – ота болмақ. Сондықтан да бір Аллаға сыйынып, дәрігерге үміт артып, ота төсегіне жатасыз.


Иә, отадан соң алғашқы күндері қолыңыздан демеп, көмегін беретіні сөзсіз. Десе де, екінші күннен бастап-ақ өз-өзіңізді қолға алу керексіз. Тіктелуге тырысыңыз. Баяу қимылмен түрлі жаттығулар жасап, аяғыңыздан нық тұруға асығыңыз. Сол үшін де сізге көмегі орасан зор болатын бірнеше жаттығу түрін ұсынамыз. Жасаңыз да, жылдам жазылыңыз...

Жаттығу кезінде дұрыс тыныс алу маңызды!


1. Табан буынын бүгіп-жазыңыз

Бұл жаттығу аяқтың қан айналымын жақсартады және тромбофлебиттің (көктамырдың өабынуымен қабат қан қуысының тығындалуы) пайда болуына жол бермейді. Жаттығуды баяу қарқынмен және бірнеше рет орындайсыз.


2. Сан бұлшық етіне күш салыңыз

Бұл жаттығу жаяу жүру кезінде тізе буынындағы тұрақтылық үшін өте қажет төртбасты сан және жамбас бұлшықетін күшейтеді. Бес секунд бойы жамбасыңызды қысыңыз, сосын босатыңыз. Осылайша бірнеше рет қайталаңыз.


3. Жамбас бұлшықетін шынықтырыңыз

Тізеңізді жеңіл бүгіңіз және өкшіңізді төсекке бес секунд басыңыз. Мұны да бірнеше рет қайталау керек.


4. Бөксе бұлшықетін күшейтіңіз

Бұл жаттығулар жаяу жүру кезінде маңызды рөл атқаратын бөкселенің бұлшықеттерін күшейтуге ықпал етеді. Екі бөксені бір уақытта бес секунд қысыңыз. Мұны да бірнеше рет қайталаңыз.

фото: capiton-mebel.ru


5. Саныңызды оңға-солға бұрыңыз

Жаттығу отадан кейін жансызданып қалған санға күш береді. әсіресе жарақаттың салдарынан болған ота кезінде керемет көмектеседі. Сан бұлшықеттерін күшейту арқылы, дертіңізден тез айығасыз. Жаттығу жасау үшін саныңызды баяу қалыппен аңға-солға кезектестіріп бұрыңыз. Аяқты айқастыруға болмайды.


6. Өкшемен сырғанаңыз

Жаттығу буынның қозғалғыштығын арттырады. Тізеңізді баяу бүгіңіз, өкшеңіз екінші аяғыңыздың тізесіне қарама-қарсы болғанша төсек бойымен сырғыңыз. Сосын аяғыңызды бастапқы қалыпқа қайтарыңыз.


7. Буылтықпен жаттығу жасаңыз

Буылтық (валик) төртбасты бұлшықетті күшейтуға септігін тигізеді. Тізеңіздің артқы жағына буылтықты қойып, тізеңізді көтермей, жіліншігіңізді көтересіз. Осылайша шыдағаныңызша отырыңыз. Сосын баяу қимылмен бастапқы орнына оралыңыз.


8. Аяғыңызды көтеріңіз

Бұл жаттығу жамбастың алдыңғы бұлшықеттерін күшейтеді. Жамбас пен бөкселердің алдыңғы бөлігін қатайтыңыз және босаңсытпай, аяғыңызды 15-20 см жоғары көтеріңіз. Содан кейін баяу бастапқы қалыпқа оралыңыз және келесі жаттығуға дейін барлық бұлшықеттерді босаңсытыңыз.


Отадан кейінгі күні, яғни 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші жаттығуларды орындауды бастаңыз.

5 және 6 жаттығуларды үшінші күннен бастауға болады.

Басқа жаттығуларды отадан кейін бір аптадан кейін қосыңыз.

Әр жаттығуды күніне 3 рет 10 реттен орындаңыз!


Дереккөз: ldc-zsvetlana.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МАЙТАБАНДЫ емдеу үшін ЖАТТЫҒУ жасаңыз


Тыныс алу жаттығулары тұмаудан қорғайды