САУСАҚТЫ осылай ұстасаңыз НӘТИЖЕСІ таңғаларлық болады

0
4 030

Саусақтарға арналған йоганы күн сайын 5-10 минут орындаңыз. Денсаулығыңызды тіктеп, жаман ойлардан арылуға осы уақыттың өзі жеткілікті.


САУСАҚТЫ осылай ұстасаңыз НӘТИЖЕСІ таңғаларлық болады

Ойламаған жерден бір қиындыққа тап болған кезде не істейсіз? Байқасаңыз, мұндай сәттерде адамдар көбінесе саусағымен "ойнап" кетеді екен. Жұдырықты түйіп немесе қолды ашып-жұму, саусақтарды айқастыру сынды қимылдарды қайталайды. Осылайша біз көңіл-күйді қалыпқа түсіріп, жағдайдың жақсара түсуінен үміттенеді екенбіз.

Иә, біз тек қиналғанда ғана емес, қуанған сәтте де саусақтың көмегіне жүгінеміз. Қуанышты жаңалықты естігенде шапалақ ұрамыз. Міне, осының бәрі саусақта бір күштің бар екенін білдірткендей.

Біріңіз білерсіз, бәлкім білмессіз, бірақ, алақанда көптеген нүктелер бар. Ол нүктелердің әрбірі адам денесінің бір бөлігімен, я болмаса ағзасымен байланысты. Біз қолымызбен қарпайым жаттығулар жасау арқылы сол нүктелерге әсер ете аламыз. Яғни, сүйріктей саусақтарыңызбен бойыңызға қуат сыйлай аласыз. Ал саусақпен жасалатын мұндай жаттығуларды саусақ йогасы немесе мудра деп атайды.

Саусақ йогасының тарихы құпияға толы. Дегенмен мудраның осыдан бірнеше ғасыр бұрын Үндістан жерінде пайда болғаны туралы деректер сақталған. Сол уақыттан бастап үнділер мудраның емдік қасиетін қолдана бастаған деседі.


Сурья Мудра



Бұл - артық салмақтан арылтуға көмектесетін қимыл. Аты жоқ сасақты бүгіп, оны бас бармақпен қысу керек. Ал қалған үш саусақ түзу тұрсын.

Саусақты осы қалыпта ұстап тұру арқылы ас қорыту жүйесінің жұмысы мен метаболизмді жақсартуға болады. Сіз бірнеше күннен кейін-ақ салмақ жоғалта бастайсыз.



Притви Мудра


Қуатты арттыратын сусақ қимылы. Бас бармақ пен аты жоқ саусақтың ұштарын (ішкі жағын) бір-біріне тигізіп, ал қалған үш саусақты түзу ұста. Дәл осы қалыпта 5-10 минут тұрсаңыз, денсаулығыңыз нығаяды әрі инфекциядан қорғауға көмектеседі.



Ваайу Мудра

Жаныңызға тыныштық сыйлағыңыз келсе, сұқ саусағыңызды бүгіп, оны бас бармақпен қысып ұстаңыз. Қалған үш саусақ түзу тұруы шарт. Саусағыңызды осы қалыпта ұстау оттегінің бүкіл денеңізге тарауына ықпал етеді. Ашушаңдықты басып, жүйкені тыныштандырады.

Шунья Мудра

Ортанғы сасақты бүгіп, бас бармақпен қысу керек. Саусаақты дәл осы позада ұстау арқылы ауруды басуға болады. Әсіресе бас айналғанын тоқтатуға таптырмас ем.

Гиян Мудра

Данышпандық позасы. Бас бармақ пен сұқ саусақтың ұшын (ішкі жағын) бір-бірімен біріктіріңіз. Қалған саусақтарды бос ұстау керек. Бұл позаның зейінді күшейтіп, есте сақтау қабілетін арттыратын қаситеті бар.


Варун Мудра


Бас бармақ пен шынашақтың ұшын (ішкі жағын) біріктіріп, ұстап тұрыңыз. Бұл қимыл арқылы артрит, терінің құрғауы мен горомондық бұзылуды емдеуге болады.


Аакаш Мудра



Бас бармақ пен ортанғы сасақты біріктіріп, ойыңызды жинақтап аласыз. Осы қимыл ойы шашыраңқы жандар үшін өте пайдалы.
Саусақтарға арналған йоганы күн сайын 5-10 минут орындаңыз. Денсаулығыңызды тіктеп, жаман ойлардан арылуға осы уақыттың өзі жеткілікті.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АРҚАҢЫЗ ауырса БІР ғана жаттығу сауықтырады


Планка: 28 күнде сымбатты болып шыға келесіз