​Тыныс алу жаттығулары тұмаудан қорғайды

0
2 911

Жағымсыз әсерден арылуға сiзге тыныс алу жаттығулары көмектеседi


​Тыныс алу жаттығулары тұмаудан қорғайды

фото: nvkz-tub.ru

Адамның денсаулығы, денесiнiң дамуы мен ойлау қызметi оның дұрыс демалуына тiкелей байланысты. Мысалы, сол және оң мұрын қуыстарымен арнайы тыныс алу жаттығулары мидың жұмыс iстеуiн жақсартады. Шыныққан тыныс алу бұлшық еттерi адамның қаншылықты жұмысқа шыдамдылығын анықтайды, ағзаның суық тию аурулары және басқа ауруларға қарсы тұру қабiлетiн жақсартады. Дұрыс тыныс алу үшiн тыныс алу бұлшық еттерiн басқара бiлу қажет және әрдайым оны дамытып отыру керек.

Жұмыста шаршайсыз, ұйқыңыз жиi жағдайда қанбайды, стресс... Осының жағымсыз әсерiнен арылуға сiзге тыныс алу жаттығулары көмектеседi.


1-жаттығу

Бұл жаттығуды күннiң кез келген уақытында және ұйқы алдында жасаған пайдалы. Ендеше жаттығуды бастайық. Алдымен мұрын арқылы дем алып, iшiңiзден 4-ке дейiн санаңыз. Дем шығарып, қайта 4-ке дейiн санаңыз. Осы темпты ұстанып, бiраз уақыт жаттығу жасаңыз. Жаттығуды бiркелкi демала отырып жасау керек.


2-жаттығу

Стресс кезiнде бұл жаттығуды жасаған өте пайдалы. Бiр қолды кеудеңiзге, екiншi қолыңызды iшiңiзге қойыңыз. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңiздi түзу ұстаңыз. Минутына 6-10 реттен дем алғаннан кейiн, жаттығуды 10 минут жалғастыруға болады.


3-жаттығу

Ойыңыз шашырап, өзiңiз де қалжыраған жүрген болсаңыз осы жаттығуды жасап көрiңiз. Ол үшiн мұрынмен кезек-кезек демалу керек. Өзiңiзге ыңғайлы қалыпта отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Ендi сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырасыз.


4-жаттығу

Таңғы уақытта орындауға арналған бұл тыныс алу жаттығуын күн сайын қайталаудан шаршамаңыз. Себебi бұл жаттығуды бойыңызды сергiтiп, жұмысқа деген құлшынысты арттыра түседi. Алдымен терең асықпай дем алыңыз да, артынан iштiң көмегiмен тез, бiр сәтте демдi шығарыңыз. 10 рет қайталаңыз.

фото: gb5kirov.ru


5-жаттығу

Ендi сергiту сәтi. Көзiңiздi жұмып, дене бұлшықеттерiн қатайтып, 2-3 секундтан кейiн қайта босаңсытыңыз. Аяқ саусақтарынан бастап, тiзе, сан, кеуде, қол, мойын, тiптi көз бұлшық еттерiн жаттықтырыңыз. Жаттығу бойы терең, асықпай дем алыңыз.


6-жаттығу

Орныңыздан тұрып, аяқты қосып, қолды иыққа қоясыз. Содан соң қолды жоғары созып, оң аяқты артқа жiберiп, басты шалқайтып тыныс алу керек. Қайта бастапқы қалыпқа келгенде демдi шығарасыз. Артынша жаттығуды сол аяққа қайталайсыз. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек.


7-жаттығу

Тұрған қалыпта қолды екi жаққа созамыз. Отырғанда қолды төмен түсiрiп, тiзеге қойып, тынысты шығарасыз. Сосын қайта демдi iшке тартасыз да, бастапқы қалыпқа келгенде демдi қайта шығару керек. Жаттығу баяу және орташа жылдамдықпен жасалады. Аталмыш жаттығуды да 6-8 рет қайталау керек.


8-жаттығу

Шалқалап жатқан қалыпта қолды бүйiрге қойып, аяқты тiзеден бүгесiз. Содан соң аяқты түзетiп, жанына қарай созасыз. Ал, қайта созғанда аяқты түзу ұстап, қосасыз. Жаттығу барысында бiрқалыпты демалып, орташа қозғалыспен, 6-8 рет қайталайды.


9-жаттығу

Аяқты бiрге ұстап, қолды мықынға қояды. Кейiннен осы қалыпта тұрып, секiрiп, аяқтың арасын ашу керек. Қайта секiрiп, аяқтың арасын қосасыз. Жаттығуды орташа жылдамдықпен бастап, күшейтуге болады. Жаттығуды бiр қалыпты терең тыныс алып жасайды. 4-5 рет қайталау жеткiлiктi.


10-жаттығу

Тұрған қалыпта орындықтың арқасынан ұстап немесе қолды бүйiрге қойып, әр санағанда аяқты кезекпен алға, артқа сермейдi. Тыныс алу бiрқалыпты болу керек. Жаттығуды осылайша 4-5 рет қайталаңыз.

Берілген 10 түрлі жаттығуды жасау арқылы тыныс алу жүйесінің жұымысн жақсартып, ағзаны шынықтырасыз.


Дереккөз: wp-german-med.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДЕНСАУЛЫҚ мықты болу үшін күніне қанша ҚАДАМ жүру керек?


МАЙТАБАНДЫ емдеу үшін ЖАТТЫҒУ жасаңыз