Варикозы бар адамдарға ПАЙДАЛЫ және ЗИЯНДЫ жаттығулар

0
6 689

Варикоздың ең ауыр түрінде де фитнестен қол үзбеген дұрыс.


Варикозы бар адамдарға ПАЙДАЛЫ және ЗИЯНДЫ жаттығулар

Кез келген адам аяғының әдемі болғанын қалайды. Ол үшін үнемі бұлшықетті жаттықтырып отыру қажет. Ал, аяқтың сымбатына сын келтіретін тамырлардың кеңеюі байқалса не істеу керек? Ондай жағдайда спортпен шұғылдануға бола ма? Егер спортпен айналысуға болатын болса қандай жаттығулар пайдалы?


Кеңейген тамырлар жəне фитнес

Тамырлардың кеңеюі спортпен шұғылданғысы келетін жандарға еш кедергі бола алмайды. Əсіресе, фитнеспен айналысуға толыққанды мүмкіндігіңіз болса. Тек жаттығу түрлерін таңдамас бұрын дəрігермен кеңесіп алған жөн. Жалпы тамырдың кеңеюінің үш түрі бар.

Бірінші түрінде аяқта көкшілдеу келген тамырлардың ісінуі анық көрінеді. Дегенмен, аяқ ісіп кетпейді жəне ауырмайды. Сондықтан, тренажер залында жаттыға беруге болады. Тек жүгіру құралында ұзақ жаттықпаған дұрыс. Аяққа күш түсіп кетуі мүмкін. Ал, созылу жаттығуларының пайдасы зор. Ол тамырларды тромбофлебиттен сақтайды.

Варикоздың екінші түрінде тамырлар анық көрінуімен қатар ауырғанын сездіреді. Əсіресе, кешқұрым уақыттарда аяқ ісініп, қолайсыздықтар туғызып жатады. Мұндайда су аэробикасы, йога, пилатес секілді аяққа күш түсірмейтін фитнес түрлері көмектеседі. Су жаттығулары тамырда ұйып қалған қанның дұрыс айналуына көмегін тигізеді. Велотренажер, степ, жүгіру, секіру дегендерді ұмытуға тура келеді.

Варикоздың үшінші кезеңі күрделірек болып келеді. Кеңейген тамырдың түсі қарайып, аяқтардың ісінгені анық байқалады. Осындай жағдайда фитнес жайлы ойлаудың да қажеті жоқ шығар дейміз. Алайда мамандар аурудың бұл түріне суы жылы бассейнде жүзу пайдалы екенін айтады. Су бұлшықеттердің тонусын ұстап тұрады.Сонымен бірге жаяу серуендеу де жақсы əсерін тигізеді екен. Тек аяқты шаршатып алмасаңыз болғаны.

Отырып -тұру жаттығуының пайдасы


Бұл – жаттығудың ең қарапайым түрі. Ол жамбас пен аяқтың сымбаттылығы үшін жасалынады. Ал осы жаттығуды варикоз кезінде жасауға бола ма? Əлбетте, жасау керек. Бірақ, арқаны тік ұстап, ақырын қимылдау қажет. Жаттығу қан айналымы үшін өте пайдалы.

Секірудегі үш қағида

Секіру, оның ішінде бала кездегідей жіппен секіру отырып -тұру(преседание) жаттығуы сияқты денені созылатын, сымбатты етуле өте пайдалы. Бірақ, тамыр кеңеюі байқалған жандарға секіру жаттығуларын мына тəртіптер бойынша жасау қажет:

Тек компресстік мата байлау арқылы;

Секіру кезінде шұлық кимеу керек;

Жаттығу аяқталысымен міндетті түрде контрасты душ қабылдау керек.

Билеуге бола ма?


Дəрігер-флебологтар варикозы бар адамдарға бидің пайдалы екенін айтады. Əсіресе, қан айналымы үшін билеп тұрған жақсы дейді. Тамыр кеңеюі бар адамдар бал биімен, латын-американдық билермен ( бачата, румба, сальса), шығыс биімен еркін аайналыса алады. Спорттық бал билері мен ирландиялық билерге тыйым салынады. Өйткені, аяққа едəуір күш түсуі мүмкін.

Хот-айрон зиян емес пе?


иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Бүгінде фитнес залдарында салмағы 13 кг-ға дейінгі штанганы көтере отырып, темпті музыкамен ілесе отырып топ болып жаттығатын фитнес түрін жиі кездестіреміз. Оны хот-айрон, яғни, “ыстық темір” деп атайды. Аталған жаттығудың варикоздың алғашқы кезеңіндегі адамдар үшін зияны жоқ. Тек салмағы өте төмен штанга таңдап алуды ұмытпаған абзал.

Планканың қандай түрлерін жасауға болады?

Планка өте қысқа мерзімде бұлшықетті қалыпқа келтіретін жаттығулар тобына жатады. Егер сізде тамыр кеңеюі байқалса, мына түрлерін ғана жасау керек:

Гимнастикалық доппен жаттығу. Бұл көбіне қолға күш түсіреді.

Динамикалық планка- қолға, кеудеге күш салады.

Қырындап жаттығу планкасы. Екі жаққа кезек-кезегімен қырындап жатып түрлі жаттығулар жасалады.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ.