​Жаттығудан кейін жасауға болмайтын 10 әдет

0
4 404

Жаттығудың пайдалы болғанын қаласаңыз, төмендегі әдеттерден арылғаныңыз жөн!


​Жаттығудан кейін жасауға болмайтын 10 әдет

Фитнес залында жаттығуларды жасап болған соң үйіңізге қарай асығатын боларсыз? Әрине, жаттығудан бөлек те жұмысыңыз бар. Бірақ, бірден күнделікті тірлігіңізді жасауға асықпаңыз! Себебі, жаттығудан соң істеуге болмайтын әдеттер бар. Егер, бұл әдеттерді жасасаңыз, орындаған жаттығудың пайдасы болмайды. Сонымен бірге, денсаулығыңызға зиянын да тигізуі мүмкін. Бұл қандай әркеттер екенін төменнен оқып білесіздер.


Тынықпаңыз


Фитнеспен үйде айналысасыз ба? Олай болса, жаттығудан соң бірден диванға жантая кетіп, тынығып алуды қалайтыныңыз анық. Бірақ, бұл әркеттен бас тартыңыз. Жаттығудан соң міндетті түрде 10-15 минутты тыныс алу мен тамырдың соғуын қалыпқа келтіру үшін арнаңыз. Ақырын бөлмелердің ішін аралап шығуыңызға немесе үйіңізге жақын маңдағы дүкенге барып қайтыңыз. Тек жүрек соғуы қалыпқа келген соң ғана отыруға, теледидар тамашалауға болады. Есіңізде болсын, жаттығудан соң бірден қимылсыз қалу жүрек жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.


Тәтті тағамнан бас тартыңыз


Иә, жаттығудан соң тәттіге қарай ұмтылмаған жөн. Жаттығудан соң сіздің ағзаңыз калорияны «өте жоғары жылдамдықпен» жоюға кіріседі. Осы тұста оған кедергі келтірмеңіз. Өз жұмысын аяқтауына мүмкіндік беріңіз. Жаттықтырушылар фитнес залынан соң тек бір сағаттан соң ғана дастарханға отыруға кеңес береді.


Созылуды елемеуге болмайды


Ең маңызды жаттығуды орындап болдыңыз ба, онда созылуға да уақыт бөліңіз. Ол бұлшықеттердің тез қалыпқа келуіне көмектседі. Сондай-ақ, денедегі ауырсынулардың алдын алады. Созылу жаттығулары бұлшықеттердің өсуіне де әсер етеді екен. Сондықтан басқалар созылуды орындағанда, сіздің жайдан-жай тұрғаныңыз жарамайды.


Энергетикалық сусындар ішпеңіз


Жаттығудан соң энергетикалық сусындарды мүлдем татып алмағаныңыз дұрыс. Ол зат алмасуды (метаболизм) баяулатады.

Көптеген адамдар жаттығудан соң энергетикалық сусындарды ішу – зат алмасуды жылдамдатады деп ойлайды. Ал шын мәнінде бәрі керісінше жүреді. Энергетикалық сусындардың құрамында қант көп. Егер ағзаңыз көмірсулармен толса, онда ағзаңыздағы майдан арылуыңыз қиындай түседі.


Ұйқыңыз келді ме?


Бірақ, төсекке құлай кетуге кеңес бермейміз. Себебі жаттығудан соң денеңіз ұйқыға дайындалуы керек. Тіпті қатты титықтап тұрсаңыз да, бірден ұйқтамаңыз. Ағза кемі екі сағат бойы қалыпты жағдайына түсуі керек. Сонда ғана денеңіз ұйқыға дайын болады. Егер жаттығудан соң бірден төсекке жатсаңыз, көліктің тежегішін бірден басқан секілді боласыз. Бұл жүрекке де оңай тимейді. Осыны ескере отырып, екі сағат уақытыңызды жүрек ауруына айырбастамаған абзал.


Шомылмай қайтпаңыз


Барлық жаттығуды орындап болған соң міндетті түрде душ қабылдаңыз. Тіпті, үйіңіз фитнес залына жақын орналасқан болса да, шайынып алуды кейінге қалдырмаңыз. Егер жаттығудан соң шайынбасаңыз, үстіңіздегі тер кеуіп, теріні «қаптап» алады. Бұл бактериялардың көбеюіне әкеп соғуы мүмкін. Дәл осы себептен де, жаттығу кезінде маңдайыңыздан аққан терді сүлгімен сүртуден де аулақ болыңыз. Себебі сүлгіде мыңдаған бактериялар болады. Оларды денеңізге өз қолыңызбен алып барудан сақ болыңыз.


Су көптік етпейді


Жаттығу кезінде де, одан соң да судан бас тартуға болмайды. Тағамнан тыйылсақ та, суға шектеу қойылмайды. Шынығу кезінде шөл қысса, суды ұрттап алғаныңыз жөн. Ол сіздің салмағыңызды артырмайды, керісінше ағзадағы зат алмасуды тездетеді.


Жетістіктеріңізді қадағалаңыз


Арнайы блакнотқа өз жетістігіңізді жазып жүріңіз. Егер әр жаттығудың нәтижесін қадағалап жүрмесеңіз, ынтаңыз жоғалуы мүмкін. Сол себептен, арнайы блокнотқа фитнес залында орындаған барлық жаттуғалырыңызды жазыңыз. Мысалы, осы айда 20 рет отырып-тұрған болсаңыз, келесі айда оның санын 30 немесе 40-қа артыруыңыз керек.


Ағзаға күш салмаңыз


Фитнес залынан кейін жаттығуларды үйге келіп те қайталауға тырыспаңыз. Жоғарыда жаттығуды жасаған соң тынығуға және ұйықтауға болмайтынын айтып өттік. Бірақ, кейбір адамдар фитнес залдарындағы жаттығуды азсынып, үйге келген соң да жаттығу орындауға кіріседі. Бұл ағзаңызға күш түсіріп, соңы күйзеліске алып келеді. Тәулік бойы жасалған жаттығу сіздің артық салмағыңыздан арылуға көмектеспейді. Тек денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Есіңізде сақтаңыз, бір күн тыныққан соң ғана қайта фитнес залына баруыңызға болады.


Ақуызды арттырмаңыз


Ақуыз – біздің ағзамыздың ең маңызды «құрылыс материалы». Ол калорияны кетіру үшін қажет. Күнделікті салмағымыздың 1 келісіне 2 грамм ақуыз тұтынуымыз қажет. Десек те, бұл жаттығудан соң ақуызы мол тағамдарға қарай жүгіру керек дегенді білдірмейді. Адам ағзасы бір ретте 40 грамм ақуызды ғана тұтынуы керек. Ол көп түскенде бүйрек пен бауырдың жұмысына кері әсерін тигізеді.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жатырдың төмен түсуін жаттығумен емдеуге бола ма?


АРТЫҚ САЛМАҚ пен ӘЛСІЗДІКТЕН терең тыныс алу арқылы арылуға болады