​ЖЕҢІЛ босану, төсек ЛӘЗЗАТЫ: Әйелдер орындауы ҚАЖЕТ 3 жаттығу

0
3 616

Интимді гимнастика отбасындағы жылылықты сақтауға көмектесді.


​ЖЕҢІЛ босану, төсек ЛӘЗЗАТЫ: Әйелдер орындауы ҚАЖЕТ 3 жаттығу

Фото: mag.103.kz

Бүгінгі күні интимді гимнастика тақырыбы ашық талқыланып жүр. Бастапқы кезде дұрыс қабылдай қоймаған қоғам оған бірте-бірте үйрене бастаған да сияқты. Тіпті, имфитнес бағытындағы онлайн курстардың да қарасы көбейді. Әрине, сапалысы бар, ақсап тұрған курстар да жоқ емес. Бір анығы - интимді гимнастика сауаттылықты, ұқыптылықты талап ететін фитнес түрі. Сондықтан да өз денеңізді, бұлшықеттеріңізді басқаруға қажетті дұрыс жаттығуды таңдағаныңыз жөн.

Интимді гимнастикамен айналысу үшін ең алдымен дұрыс тыныс алу техникасын игеру қажет. Ішпен дем алуды (овариальное дыхание) әбден меңгерген соң барып жаттығуларға кіріскен жөн. Себебі кез келген қимылдың оң әсер беруі дұрыс тыныс алумен байланысты.


Қалай дем алу керек?

Алдымен денемізді босаңсытып, ауаны мұрнымызбен жұтамыз. Ауаны кеудеге емес, ішке толтыруымыз керек. Сосын ақырындап ауызбен демімізді шығарамыз. Демді шығарған кезде кеңінен тыныстап, дауысымызды шығарған жақсы. Сол кезде бойда бір жеңілдік пайда болады. Дене де жеңілдеп қалғандай күй кешеді.

Бұлшықеттерді басқарып кету бастапқыда оңайға соқпайды. Дегенмен жақсы нәтижеге уақыт өте келе жетуге болады. Мысалы "Там-там" деп аталатын техника аса бір қиын емес. Ол үшін анус, уретра, қынап, клитор бұлшықеттерін қатар жұмыс істеу керек. Мысалы, алдымен қынаптың алдыңғы бөлігіндегі клитор, уретраны 2 секунд қысып, содан соң 3-4 секунд босату керек. Одан әрі қарай анусты (тік ішек) 2 секунд қысу қажет. Оны да 3-4 секундқа босаңсытамыз. Бұл жаттығуды орындап жатқанда іш қатайып қалмау керек. Оның барынша бос болғанын бақылаңыз. Жоғарыда атап өткен дұрыс тыныс алу техникасын меңгеру де осы үшін қажет.


"Лифт" жаттығуы

Фото: hartmann-shop.ru

Көз алдарыңызға жүріп бара жатқан лифтіні елестетіп көріңізші! Енді осы көріністі қынабымыз арқылы жасап көрелік. Алдымен ішімізбен дұрыстап дем аламыз. Сосын қынапты бірінші қабаттан төртінші қабатқа дейін көтереміз. Нақтылап айтсақ, қынабымызды жоғары қарай бір рет тартамыз да, 1-3-5 секундқа дейін сол қалыпты сақтап тұрамыз. Содан кейін сол қалыптан тағы бір рет жоғары көтеру керек. Осылайша 4 рет, тіпті 7 рет жоғары көтеруге болады. Содан соң біртіндеп төмен қарай түсеміз. Қынапты бірден босатып жіберуге болмайды. Ол кезде жаттығу дұрыс жасалмаған болып есептеледі. Бұлшықетті басқарып үйренудің артықшылығы да сонда жатыр. Лифт техникасын тұрып жасаған ыңғайлы.


"Мұнара" жаттығуы

Бұл - интимді гимнастикадағы ең озық техниклардың бірі. Өйткені мұны жақсылап игерген әйел ер адамға ерекше ләззат сыйлайды. Ашығын айтқанда ер адамның мүшесін қынабы арқылы қысуды білетін болады. "Мұнара" техникасын жасау үшін алдымен 5-10 секунд ішпен дем аламыз. Содан соң ішті батут секілді қозғалтамыз. Бұл әлбетте дұрыс тыныс алу техникасы арқылы жүзеге асады. Осы сәтте қынап, анус, уретра барлығы қысылу керек. Іш пен астыңғы бөлік қатар жұмыс істейді. Ал дем алу дұрыс жасалмаса, "мұнара" техникасын орындау қиынға соғады.


"Көбелек" жаттығуы

Фото: medaboutme.ru

Жатырдағы қан айналымын жақсартатын интимді гимнастиканың бір түрі - "Көбелек" техникасы деп аталады. Егер сіз бұрын-соңды созылу жаттығуларын жасап жүрмеген болсаңыз бұл техниканы орындауда астыңызға жұмсақтау төсеніш қойып алсаңыз да болады. Алдымен жақсылап тыныс алып алыңыз. Сосын жерге отырып, екі табаныңыз бір-біріне тиіп тұратындай отырыңыз. Екі тізе екі жақта тұру керек. Мейлінше еденге тиіңкіреп тұрғаны да жақсырақ. Бірақ өз жағдайыңызға қарай жасаңыз. Содан соң екі тізе арқылы амплитудалық қозғалыс жасалу керек. Яғни, тізені жоғары көтереміз, төмен түсіреміз. Осы аралықта қынап та іске қосылады. Тізені көтерген кезде қынапты босаңсытып, ал төмен түсірген кезде қысу керек. Сол кезде әйелдің жатырындағы қан айналымы жақсара түседі. Сексолог-мамандар осы техниканы жыныстық қатынасқа түсер алдында жасаудың пайдасы көп екенін айтады. Әйелдің төсек қатынасынан ләззат алуына да әсері тиеді. Сонымен қатар, интимді гимнастикадағы кей жаттығуларды толғақ кезінде қолдану арқылы жеңіл босануға да болады.


Интимді гимнастиканың әйел денсаулығы үшін пайдасы ұшан-теңіз. Мұндай техникалар ең алдымен әйел жатырының төмен түсіп кетуінен сақтайды, түрлі аурулардың алдын алады. Себебі әйелдердегі көптеген гинекологиялық аурулар қан айналымының нашар болуынан туындайды. Тіпті, көптеген әйелдерде кездесетін оргазм ала алмау мәселесі де бұлшықеттердің әлсіз болуымен, қынаптың кеңейіп кетуімен байланысты. Төсек қатынасының сапасыз болуы ерлі-зайыптының араларын суытуы да мүмкін дүние. Ал интимді гимнастика бұлшықетті нығайтып, қан айналымын ешбір аппаратсыз жақсартудың бірден-бір әдісі. Әрі бұл жаттығуларды кез келген жерде жасай беруге болады.

Дереккөз: hartmann-shop.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КАЛЛАНЕТИКА: 10 сағатта 10 жылға ЖАСАРАСЫЗ


"ТОЛҚЫНДЫ ВАКУУМ” жаттығуы САЛБЫРАҒАН ішті БІР айда тартады