ХХ ғасырдың жартысында америкалық бодибилдер Фрэнк Зейн наули техникасын жетілдіріп, сахнада көрсетеді.
Фото: zen.yandex.ru
Наули (толқынды вакуум) - йоганың ең маңызды техникаларының бірі. Бұл жаттығу іштегі артық майлардан оңай арылтады. Бізге жақсы таныс вакуум жаттығуы өзінің түп-төркінін осы жаттығудан алған. Наули тек ішті тартып, белді жіңішке етіп қана қоймай, іштің бұлшықеттерін нығайтып, бүкірлікті емдейді, ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.
Жаттығуды қай кезде жасайды?
Наулиді таңертең ұйқыдан оянған бойда ашқарынға жасаған дұрыс. Сырт көзге бұл жаттығу оңнан солға, солдан оңға қарай кетіп жатқан толқын тәрізді көрінеді. Бұл техниканы орындауға қарсы көрсеткіштер де бар. Мысалы, етеккір мерзімі, жүкітілік кезеңі және ішкі құрылысында қандай да бір дерті бар адамдарға жасауға болмайды. Жасөпірімдерге жасамаған дұрыс дер едік. Сонымен қатар қан қысымы өте жоғары адамдардың мейлінше дұрыс тыныс алып, демін ұзақ ұстамай, жаттығу ережесін толыққанды сақтай отырып жасағаны жөн.
Жаттығуды күн сайын орындасаңыз, оның нәтижесі 1-2 аптадан соң-ақ байқала бастайды. Ал 1 айдан соң салбыраған іш айтарлықтай тартылады дейді мамандар.
Жаттығуды қалай орындайды?
Наули техникасын меңгеруді қарапайым вакуум жаттығуынан бастасаңыз болады. Яғни, іштегі демді шығарған кезде ішті артқа қарай тартасыз.
- Алғашқыда аз-аздан, 10-15 реттен қайталау керек. Демді шығарған кезде уақытты ақырындап қосуға болады.
- Жаттығуды орындап болған соң ауызбен емес, мұрынмен терең тыныс алған жақсы.
- Бүйірлік толқынды жасау үшін сол қолға күш салып тізені ұстау керек.Сол кезде толқын сол жаққа қарай ауысады. Ал егер дене салмағын оң жаққа ығыстырсақ, онда толқын оң жаққа қарай ауысады.
Жаттығудың видеосын мына сілтемеден тамашалай аласыздар.
Дереккөз: market.yandex.kz
Н.НАЛТАЙ,
Тағы оқыңыз:
МУЗЫКАМЕН жаттыққандар ТЕЗ АРЫҚТАЙДЫ
БҰЛ жаттығу ҚАНТ ДИАБЕТІнің алдын алады