​БІР жаттығумен беліңіз ЖІҢІШКЕ болады

0
2 297

Күніне 5 минут уақытыңызды арнасаңыз жеткілікті.


​БІР жаттығумен беліңіз ЖІҢІШКЕ болады

Жіңішке белге қол жеткізгіңіз келсе, жапон гимнастикасын жасаңыз. Жапониялық дәрігер Фукуцудзидің арықтауға арналған жаттығуы әрі оңай, әрі ыңғайлы. Оны кез келген жерде жасауға болады. Артық қимылдың да қажеті жоқ.


Бастапқыда бұл жаттығу арқа, мойын, буын аурулары үшін ойлап шығарылған. Содан кейін уақыт өте келе жақсы нәтижелер көріне бастаған. Яғни, жаттығуды жасаушылардың арқасы тік, белі жіңішкеріп, бойлары ұзара түскен.


Жаттығуды қалай жасайды?

Еденге қатты төсеніш төсіп, шалқаңыздан жатыңыз. Валик немесе сүлгіні орап, беліңізге (дәл кіндік тұсына) қойыңыз.

Аяқтарыңызды иық деңгейіне дейін ашып, ұштарын бір-біріне тигізу керек.

Қолдарыңызды бастан жоғары қарай жіберіп, барынша созып, алақандарды жерге тигізіп ұстаңыз. Шынашақтар бір-біріне тиіп, ал бас бармақтарыңыз екі жаққа қарай бағытталуы қажет. Жаттығуды 5 минут орындау жеткілікті. Бірақ күнделікті орындауды әдетке айналдырсаңыз, оның нәтижесі көп күттірмейді.


Айта кетейік, жаттығу нәтиже болу үшін міндетті талаптарын орындауыңыз керек. Олар:

арқа үшін қатты төсеніш,

тамақтанудан 2 сағат бұрын 5 минуттан жаттығып отыру,

баяу және дұрыс демалу,

жаттығатын валик өлшемі 15 см-ден аспау керек, жаттығудан соң ешқандай жылдам қимыл болмау керек,

көтеріңкі көңіл-күй.

Ал, нәтижесі сізді қуантады. Беліңіз жіңішкереді, арқаңыз тіктеледі, бұлшықеттер қатайып, қан айналымы жақсарады, қан қысымы қалыпқа түседі. Буын, мойын, арқа, бел аурулары азаяды. Көкірек тұсы әдемі қалыпта болып, бой ұзарады. Ең бастысы, ұйқыңыз тынышталады. Жапон гимнастикасын жасап, денсаулығыңызды түзеңіз!


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Коронавирустан дұрыс ТЫНЫС АЛУ арқылы ҚОРҒАНУҒА болады

Фитнес-резеңкенің пайдасын білесіз бе?