Астаналық тұрғын зақымданған көлігі үшін 3 млн теңге өндіріп алды

0
966

Нөсер суы ағып кететін құдыққа түсіп кетіп, көлігін зақымдап алған.


Астаналық тұрғын зақымданған көлігі үшін 3 млн теңге өндіріп алды

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны нөсер суы ағып кететін құдыққа түсіп кетіп, көлігін зақымдаған және ол сол үшін "Астана Тазалық" ЖШС-нен келген шығынды өндіріп алды, деп жазады Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, әкімшілік полиция органдарына елорда тұрғынынан жол-көлік оқиғасы жайлы хабар келіп түскен. Ер адам BMW автокөлігімен келе жатып, нөсер суы ағып кететін құдыққа түсіп кетіп, көлігін зақымдап алған.

"Техникалық зақымның нәтижесінде келтірілген шығынның көлемі 2 993 891 теңгені құрайды. Ол бағалау есебімен дәлелденген. Астананың Алматы аудандық сотының шешімімен "Астана Тазалық" ЖШС-нен елорда тұрғынының пайдасына шығын сомасы өндірілді. Бірақ, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ," - деп хабарлап отыр сот өкілдері.