Доннарумма ПСЖ клубына ауысты

0
410

​Еуро-2020 турнирінің үздік ойыншысы жаңа командасында 50 нөмірімен қақпа бағанын күзетеді.


Доннарумма ПСЖ клубына ауысты

ERNUR.KZ. Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ клубына ауысты, деп жазады Vesti.kz.

Еуро-2020 турнирінің үздік ойыншысы жаңа командасында 50 нөмірімен қақпа бағанын күзетеді. Доннарумма париждіктермен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасып отыр.

2020/21 жылғы маусымда ол "Милан" сапында 50 рет алаңға шығып, 15 кездесуде қақпасына гол өткізбеген. Сонымен қатар, Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатында топ жарды.