Елімізде 11 жастан асқан қыздарға HPV-ға қарсы екпе салынады

0
1 012

HPV вакцинасы АҚШ, Канада, Израиль, Катар, БАӘ, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия және Жапонияны қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген.


Елімізде 11 жастан асқан қыздарға HPV-ға қарсы екпе салынады

ERNUR.KZ. Биыл 170 мыңнан астам қыздарға жатыр мойны обырының аурушаңдығына қарсы екпе егіледі, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді.

Жатыр мойны обыры қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл – адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакциналау арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік. Көп жағдайда жатыр мойны обырының дамуына HPV себеп болады. Осы жылы 11 ден асқан 170 мыңнан астам қыздарға HPV-ға қарсы екпе салынады. Бұған дейін ата-аналардың рұқсатымен 17 925 қызға екпеге сынама жасалды. Жағдайлары өте жақсы. Қыздардың 90%-ы 15 жасқа дейін HPV вакцинасымен егілуі керек (ұлдарға да салу ұсынылады). Әйелдердің 70%-ы 35 жасында және 45 жасында жоғары тиімді тест арқылы скринингтен өтуі керек, - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Ал Қазақстанның бас штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова HPV-ға қарсы екпенің ерекше тұстарына тоқталып, екпенің қай елдерде салынып жатқанына тоқталып өтті.

HPV вакцинасы АҚШ, Канада, Израиль, Катар, БАӘ, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия және Жапонияны қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. HPV-ге қарсы вакциналау Өзбекстан мен Түрікменстан сияқты көрші елдерде де жүргізіледі. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакциналаумен гендерлік бейтарап тәсіл енгізілді. АҚШ-та 2015-2018 жылдар аралығында әйелдер арасында АПВ-ның 4 түрінің таралуы 14-19 жас аралығындағы әйелдер арасында вакциналауға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 88%- а, ал 20-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 81%-ға төмен болды, - деді Диляра Қайдарова.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Австралияда Австралияның Ұлттық вакцинация бағдарламасы енгізілгеннен кейін 9 жыл өткен соң, 18-35 жас аралығындағы әйелдерде HPV-нің 4 түрінің таралуы 90%-дан астам көрсеткішке төмендеген.