Елімізде «түтікше арқылы» туған тұңғыш қыз ана атанды

0
1 679

Жүктілік және босану табиғи жолмен жүзеге асып, бала дені сау, 3.200 келі боп туды.


Елімізде «түтікше арқылы» туған тұңғыш қыз ана атанды

ERNUR.KZ. 15 қазан күні осыдан 24 жыл бұрын елімізде тұңғыш рет экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы дүниеге келген қыз ата атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүктілік және босану табиғи жолмен болды, бала өз уақытында, дені сау, 3.200 келі боп туды.

Бүгінде әлем бойынша ЭКҰ-ның көмегімен 6,5 миллиондай бала дүниеге келген. 42 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру технологиясы көпшілік тарапынан қолдауға ие болып, тіпті медициналық сақтандыру бағдарламасына енді.

Дегенмен, сонымен қатар ЭКҰ жайлы алып-қашты әңгімелер мен аңыздар да көп. Көпшілікті «эко арқылы дүниеге келген балалардың дені сау бола ма, олар табиғи жолмен перзент сүйе ала ма?» деген сұрақ алаңдатқаны өтірік емес. Міне, мына оқиға осы сұрақтарға жауап болды.

«1996 жылы перзент сүйе алмай емделіп жүрген келіншекке ЭКҰ бағдарламасын жүргіздім. Қаншама жыл емделсе де, бір перзент сүйе алмай жүрген жандарға бұл сөзбен айтып жеткізе алмас қуаныш сыйлады. Алайда ә дегеннен-ақ жолы бола кетті деу өтірі, бірінші рет ұрық жетілмей қалды, тек екінші рет жасаған кезде жүктілікке қол жеткіздік», - дейді жоғарғы дәрежелі дәрігер-репродуктолог, репродуктивті медицина орталығы басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Людмила Бадельбаева.