ҚазАвтоЖол жұмысшысы қызмет барысында қаза тапты

0
361

​Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды.


ҚазАвтоЖол жұмысшысы қызмет барысында қаза тапты

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 10-шы ақпан күні сағат 14:00 шамасында Самара-Шымкент автожолының 1285 шақырымында болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жол-көлік оқиғасының (жол бойында тұрған көлікті соққан) салдарынан тікелей қызметтік міндетін орындау кезінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы қайтыс болды.

"Оқиға "Самара-Шымкент" автожолында Арал ауданы, Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Салдарынан ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды. Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды", - делінген хабарламада.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау көрсететінін жазған.