Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды

0
2 415

База іске қосылып, ХҚО-лар штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды.

Естеріңізге салсақ, бүгін ҚР ІІМ ӘПК-нің базасында ақаулықтар болғандықтан, мамандандырыған ХҚО қызметі уақытша тоқтатылған еді.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының арқасында база іске қосылып, автоХҚО-лар штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда.