Коронавирус анықталған мектептер мен балабақша карантинге жабылды

0
557

Әрбір жағдайдың анықталған алғашқы күнінен бастап 14 күн өткен соң барлық білім беру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.


Коронавирус анықталған мектептер мен балабақша карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Мектеп пен балабақшалардағы кезекші топтарға барып жүрген балалардың 16-сы коронавирусқа шалдыққан, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанның екі облысында коронавирус инфекциясы білім беру ұйымдарының және балабақшалардың кезекші топтарынан анықталды. Барлығы - 16 бала, - деді Бағдат Қоджахметов ОКҚ-да өткен брифингінде.

Оның айтуынша, жұқпалы ауру анықталған барлық оқу орындары қазіргі кезде жабық, яғни олар карантинге жабылған. Науқас баламен байланыста болған - барлық отбасы мүшелері, мұғалімдер мен басқа топ пен сыныптағы балалар үй карантиніне көшірілді.

"Әрбір жағдайдың анықталған алғашқы күнінен бастап 14 күн өткен соң барлық білім беру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушылардың барлығы тағы да КВИ-ге тексеріледі", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.