Қостанайда прокурор өз-өзіне қол жұмсады

0
759

Марқұмның прокуратура органдарында қызмет еткеніне 4 жыл болған.


Қостанайда прокурор өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Қостанайда қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры асылып қалды, деп жазады Zakon.kz.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі оқиға 5 мамыр күні болғанын мәлімдеді.

"5 мамырда сағат 11.30 шамасында Қостанай ауданының аумағындағы орман алқабында Қостанай қаласы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокурорының ағашқа асылған күйдегі мәйіті табылды. Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және мүдделілікті болдырмау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Қостанай ауданының полиция бөліміне тапсырылды", - деп жазылған Қостанай облысының прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінде.

Ведомство өкілі оқиғаның себебі анықталып жатқанын айтты.

Прокуратураның мәлімдеуінше, марқұмның прокуратура органдарында қызмет еткеніне 4 жыл болған. Оның артында жұбайы мен қызы қалды.