Маңғыстауда қайтыс болған балалар мен олардың әкесіне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

0
492

Ер адам мен үш бала асылып қайтыс болған күйінде табылды.


Маңғыстауда қайтыс болған балалар мен олардың әкесіне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

ERNUR.KZ. 30 желтоқсанда ҚР ІІМ Тергеу департаментінің Анықтау жұмысын ұйымдастыру департаментінің бастығы Мәлік Қайбар Маңғыстау облысында ер адам мен үш баланың өліміне қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, деп жазады zakon.kz.

Ер адам мен үш бала асылып қайтыс болған күйінде табылды.

"Маңғыстау облысының полиция департаментінде кәмелетке толмағандарды қасақана өлтіру және өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Мәлік Қайбар.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында суицидтің себебін анықтау үшін сот-медициналық психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында полицейлер тұншығу белгілері бар төрт адамның мәйітін тапты. 38 жастағы ер адам, сегіз, төрт жас және он айлық балалары асылып, қайтыс болған болып шықты.

Осыдан кейін ер адам өзіне қол жұмсап, балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан жазба табылды.