​Павлодарлықтар 1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде тегін жүреді

0
976

Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.


​Павлодарлықтар 1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде тегін жүреді

ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланып отыр, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты. Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.

- 1 желтоқсанда барлық азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, - дейді қала әкімінің баспасөз қызметінде.

– Бұдан бөлек, бұл күні «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үйдің кілттері табысталады. Тұңғыш Президент күні кинотеатрлар мен сауда нүктелерінде жеңілдіктер қарастырылған. Алаңдарда бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылады. Тәуелсіздік күніне орай жаңа шағын ауданда тұрғындар қоныс тойын атап өтеді.