​Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ең ақылды жастардың бірі атанды

0
6 184

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов Астананың ең ақылды жастарының бірі атанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ең ақылды жастардың бірі атанды

фото Қыдырәлі Болмановтың инстаграм парақшасынан алынды

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов Астананың ең ақылды жастарының бірі атанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жас Отан" жастар қанатының Астана қалалық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық филиалы 13 сәуірде жастар арасында "IQ START" интеллектуалдық тестілеуін өткізді. Бұл шараға Астана қаласынан 84 мектептің 400-ден аса оқушысы қатысқан.

"Жеті адам ең үздік нәтиже көрсетті. Олардың арасында белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов бар. Ұлының нәтижесіне көңілі толған әкесі "Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық филиалына алғысын білдірді", - делінген хабарламада.