Жамбылда 20 адам улы газдан көз жұмған

0
1 687

Департамент өкілдері тарапынан улы газбен улану оқиғалары тіркелген барлық мекенжей бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген


Жамбылда 20 адам улы газдан көз жұмған

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде облыстық өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев мәлімдеді, деп жазады Bag.kz.

2018 жылдың 9 айында облыста 15 улы газбен улану оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 20 адам жарақат алды және 9 адам қаза тапты. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде мұндай қайғылы оқиғалар саны 12 құраған болатын», - деді Мақсат Әкімбаев.

Ол департамент өкілдері тарапынан улы газбен улану оқиғалары тіркелген барлық мекенжей бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

«Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, улы газбен улану оқиғалары 25%, жарақат алғандардың саны 2 есеге, қаза болған адамдар саны 3 есеге артты. Жалпы, 2017-2018 жылу маусымы кезінде бітелген түтіндіктер мен пеш ақауларына байланысты облыста 23 улы газбен улану оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 42 адам жарақат алды және олардың 9 қайтыс болды. 2016-2017 жылу беру кезеңімен салыстырғанда улы газбен улану оқиғаларының саны 1%, зардап шеккендердің саны 13%, қаза болғандардың саны 25% төмендеді», - деді басқарма өкілі.

Бұдан басқа, тамыз айында өңірдегі жылу және электр қуатымен қамтамасыз ететін 87 нысанның барлығының өрт жағдайы тексерілген.

«Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша ағымдағы жылы 2 учаскеде, атап айтсақ, «ЖЭС» ЖШС және «Солтүстік ЖЖС» өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу байқалмады. Қалған 85 учаскеде 438 ереже талаптарының бұзылуы анықталды. Оларды жою үшін нысандардың басшыларына тексерулер нәтижелері бойынша актілер беріліп, 16 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 579 812 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді Әкімбаев.