Зорлау фактісі бойынша іздеуде жүрген Германия азаматы Астанадан табылды

0
620

ҚР ІІМ баспасөз қызметі азаматтың халықаралық іздеуде болғанын жеткізді.


Зорлау фактісі бойынша іздеуде жүрген Германия азаматы Астанадан табылды

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ Астанада зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген Германия азаматы ұстағанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі азаматтың халықаралық іздеуде болғанын жеткізді.

"ҚР экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Астанада жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көліктерді тексеру кезінде 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 63 жастағы Германия азаматын ұстады", - делінген хабарламада.

Бұл ер адамды Германия билігі Германияның Қылмыстық кодексінің 177 (Зорлау) фактісі бойынша іздеуде жүргені көрсетілген. Ол Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.