​СӘБІЗ бен ҚЫЗЫЛША шырыны АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ТҮШКІРУДІ тоқтатады

0
8 386

Түшкіру - 2 түрлі дерттің белгісі.


​СӘБІЗ бен ҚЫЗЫЛША шырыны АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ТҮШКІРУДІ тоқтатады

иллюстрациялық фото: primepropertymanagement.com

Екі жағдайда сізді түшкіру мазалайды. Бірінші, тұмау болатын кезде, екіншісі аллергияның басталғанын білдіреді. Мұны анықтау қиын емес. Тұмау басталатын кезде бойыңызды әлсіздік билейді, қызуыңыз көтеріледі, денеңіз біресе ысып, біресе мұздайды.


Ал аллергия кезінде тынымсыз түшкіру, көздің қызаруы мен жасаурауы, тіпті мұрыннан су ағып, бітелуі де ғажап емес.


Тұмауды түрлі дәрілердің көмегімен емдеуге болады. Ал аллергиядан айығу үшін дәріге өте сақ болғаныңыз абзал. Өйткені кей дәрілердің өзі аллергия беріп жататыны бар. Сондықтан да сізге қауіпсіз әрі жедел көмек беретін халық емін ұсынамыз.


Аллергияның алдын алу үшін:

  • бөлмедегі сөрелер мен еденді сулы шүберекпен жиі сүртіңіз;
  • терезелерді ашып, бөлмені желдетіңіз;
  • күніне 2 рет таза ауада серуендеңіз;
  • салқын сусындар мен салқын тағамдарды тұтынудан сақ болыңыз;
  • науқас жанмен байланыс жасамауға тырысыңыз;
  • қарама-қарсы дүш қабылдаңыз;
  • денеңізді жеңіл жаттығулармен шынықтырыңыз;
  • дұрыс тамантаныңыз;
  • салауатты өмір салтын ұстаныңыз.


Міне, осы әдісті қатаң түрде ұстасаңыз сізді аллергия мазаламайды.


Түшкіруді тоқтату үшін мұрын қуысын шайыңыз

1. Тұз су

1 стақан қайнатылған жылы суға 1 шай қасық теңіз тұзын араластырып, мұрын қуысын шаясыз. Бұл әдіс мұрынның шырышты қабығының қабынуын емдейді, еркін демалуға ықпал етеді әрі түшкіруді тоқтатады.

иллюстрациялық фото: med-explorer.ru


2. Өсімдік тұнбасы

Түймедақ (ромашка), жусан (полынь), қайың жапырағы (листья береза), қырмызыгүл (календула) өсімдіктерінен бірдей көлемде алып, ұсақтаңыз. Оларды араластырып, 1 ас қасығын аласыз. Оны 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, мұрын қуысын шаясыз.


3. Көкөніс шырындары

Сәбіз бен қызылша шырындарын бірдей көлемде балмен араластырып, мұрын қуысын шайыңыз. Бұл шырын мұрын мен тыныс жолындағы бактерияны өлтіреді, тұмау мен аллергияның алдын алады. Осы әдісті үзбей 3 күн қатарынан жасасаңыз, аллергиядан біржолата құтыласыз.


иллюстрациялық фото: agronomu.com


4. Йод ерітіндісі

250 мл қайнатылған жылы суға 1 шай қасық тұз бен 2-3 тамшы йод араластырасыз. Тұз еріп дайын болған ерітіндімен мұрын қуысын шайыңыз. Бұл әдіс мұрын мен тамақтың қабынуына ем болады.

Егер аллергиядан тезірек айыққыңыз келсе, үгілген фурацилин мен марганец ерітіндісін қосуға болады.


5. Шөп шай

300 гр. татқұлақ (чага), 50 гр. қарағай бүршігі, 5 гр. жусан (полынь), 50 гр. итмұрын (шиповник) және 50 гр. мыңжапырақ (тысячелистник) шөптерін алып, жақсылап ұнтақтаңыз. Үгілген шөптерді шыны термосқа салып, үстіне 1 литр қайнаған су құясыз. Бір түн тұндырып қойып, таңертең сүзіп алыңыз. Дайын болған емдік шайды ашқарынға қабылдау керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚҰЛПЫНАЙДЫ күнде жегеннің бүйрегінде ТАС болмайды


ҚАННЫҢ ҚОЮЛАНУЫ қандай ҚАУІП тудырады?