​ҚАННЫҢ ҚОЮЛАНУЫ қандай ҚАУІП тудырады?

0
46 163

Ауырып жүрген адамның жағдайын сұрадыңыз ба? Олардың басым көпшілігі «Қаным қоюланып кетіпті» деп бастайды алғашқы әңгімесін. Соның салдарынан түрлі дерт дендеп бара жатқанын айтады.


​ҚАННЫҢ ҚОЮЛАНУЫ қандай ҚАУІП тудырады?

фото: healthfully.com

Қанның адам ағзасында қандай қызмет атқаратыны бәріне белгілі. Қан қоюланғанда:

  • бойыңызды әлсіздік билейді;
  • басыңыз жиі ауырады;
  • ұйқысыздық мазалайды;
  • басыңыз айналады;
  • ұйқыдан шаршап тұрасыз;
  • ауа жетпей, көзіңіз қарауытады;
  • денеңіз тоңады.


Міне, осы белгілер қанның қоюланғанын білдіреді. Уақыт жоғалтпай біз ұсынған халық емінің көмегіне жүгініңіз.


Қанды сұйылтуға:

  • талдың қабығынан дайындалған тұнба;
  • түйежоңышқа (донник) тұнбасы;
  • талшын (каштан) тұнбасы;
  • жалбыз (мята) шайы;
  • лимон қосылған күреңот (иван-чай) шайы;
  • қызыл шарап;
  • көк шай көмектеседі.


КӨК ШАЙ – қанды сұйылтып, тазалайтын қасиетке ие. Оның құрамындағы катехин холестерин деңгейін реттеп, клеткаларды жасартса, илік заттар қанның сапасыз түйіршіктерін өлтіреді. Ал Е дәрумені жасушаның жаңаруына ықпал етеді.


фото: vselekari.com

Қанды сұйылту үшін зімбір (имбирь) қосылған көк шай ішкен пайдалы. Оны дайындау үшін зімбірді тазалап, майдалап кесектеп турайсыз. Үстіне су құйып, отқа қоясыз. Бірнеше минут қайнаған соң сұйықтықты сүзіп алып, көк шай саласыз.

Емдік шайды 15-20 минуттай тұндырып қою керек. Шайды күніне 2-3 рет қайталап демдеп ішсеңіз, бойыңызды билеген ауыртпалықтан арыласыз.


ТАБИҒИ ШЫРЫН – қанды сұйылтатын керемет емдік сусын. Оның құрамында су, дәрумендер мен микроэлементтер болады. Аурудың алдын алу үшін күніне бір рет 1 стақан табиғи таза шырын ішіңіз. Әсіресе, ананас, апельсин, сәбіз, анар, таңқурай, құлпынай, лимон, мүкжидек, жүзім, алма, қызанақ шырындарын көбірек ішуге кеңес береміз.


фото: healthyoptions.com.ph


ЗЫҒЫР МАЙЫК, B, А, Е дәруменіне және жартылай қанықпаған майға бай. Майдың көмегімен қан тазаланады, сұйылады, ұйымайды әрі жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларының алдын алады. Ол үшін күнде ашқарынға 1 ас қасық зығыр май ішесіз. Егер жүрегіңіз айнып мазасыздансаңыз, онда майды тамақтанып алған соң ішуге болады.

фото: yourhealthylife.info


АЛМА СІРКЕСУЫқанды сұйылтып, ағзаны улы заттан тазартады. Ол үшін күнде таңертең ашқарынға ішу керек. Емдік сұйықтықты дайындау үшін 2 ас қасық алма сірке суды 1 стақан қайнатылған жылы суға араластырасыз.

Емделу мерзімі – 2 ай. 10 күн үзіліс жасап, қайта жалғастырыңыз. Осылайша 3-4 емнен соң ойлаған нәтижеге қол жеткізесіз.

фото: kak-sama.ru

Ескеріңіз! Бұл емді асқазаны ауыратындарға қолдануға болмайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАЛ ауыздың УЫЛҒАНЫН емдейді


1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді


АЛАҚАНЫҢЫЗ терлесе АШУДАС көмектеседі