«ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ» артық салмаққа, сырқаттануға және кедейлікке бейім

0
1 187

Неге толысатыныңыздың себебін білесіз бе?


 «ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ» артық салмаққа, сырқаттануға және кедейлікке бейім

фото: foto-ram.ru

Кейде сөйлегенше үндемеген жақсы. Өйткені, айтылған сөз, ойлаған ой біздің өмірімізге тікелей әсер етеді. Ол жай ғана әсер етпейді, шынайлықты қалыптастырады.

Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұратындығын ескерсек, оның ішінде ми 85 пайыз, қан 90 пайыз, бұлшықет 75 пайыз, бүйрек 82 пайыз, тіпті сүйектің өзі 22 пайыз судан тұрады. Сондықтан, адамның ойы мен эмоциясы нәзік ақпараттарды қабылдауға сақтауға және беруге қабілетті.

Олардың әсерінен судың бүкіл құрылымы, оның молекуласы өзгереді, ал біз өзіміз судан жаратылғандықтан, сәйкесінше адамның өзі де өз денсаулығына және денесіне сөзбен және оймен әсер ете алады.

Содықтан үнемі жақсы ойда болыңыз. Өзгелерге жақсы әйел болып көріну үшін өз қалауыңыздан бас тартып, өзгелер үшін өмір сүріп жүргендігіңіздің белгісі ретінде сізден артық салмақ көрініс таба бастайды.

Өйткені, адам әрқашан өзінің жан рахаты үшін өмір сүргенде дене де оған өз алғысын айтады. Әрдайым сәттілікті шақырып отырады.

Ал біреуге ренжіп, бірақ көңіліне келіп қалар деп ол жайлы айта алмау, көмейге келген сөзді іркіп айта алмау да артық салмаққа себеп екен.

Шынайы эмоцияны сыртқа шыға алмау. «Жан-жағыңыздағы адамдар не ойлайды?» деп олардан қысылу. Сондай-ақ жан-жағыңыздағы адамдар бірдеңе алды, ал сіз ештеңе ала алмаған кезде көңіл-күйіңіз түсе ме? Бұл сәтті бірден есіңізде сақтап қаласыз ба? Әрине бұл жағымсыз сезім сіздің бойыңыздағы кейбір ауруларды өршітеді немесе пайда болады. «Мен мүлде ештеңе естімеймін (көрмеймін, сезбеймін, т.б.) » деп қаншалықты жиі айтатыныңызды есте сақтаңыз. Бұл сөздер сіздің өміріңізге не тартады деп ойлайсыз? Әрине, көз, құлақ, мұрын аурулары.

фото: avictory.ru

* «Мен семізбін» деп айту және ойлау - сіз плюс ретінде қосымша фунт аласыз.

* «Азып жатырмын» деген сөз – «азып-тозу» сөзі «жүдеу» сөзінен шыққандықтан, ауруға шалдығып, өзіңізді нашар сезінесіз. Бұл фразаны «Мен арықтап жатырмын» деп ауыстырыңыз, содан кейін бұл ойлау формасы сізге оң әсер ете бастайды.

* «Менде ақша жоқ» дегенді жиі айтасыз ба? Немесе солай ойлайсыз ба? Онда сіз ешқашан қаржылық жағынан бай болмайсыз. «Ақша маған оңай және жиі келеді!» деген тіркес қаржы тартуға көп көмектеседі. Сіз өзіңіздің теріс ойларыңызбен «нақтыланған» нәрсені жүзеге асыру процесіне кедергі жасамай-ақ, әмияныңызға ақша түсу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу қаншалықты оңай екенін бірден сезінесіз.

* «Менде ештеңе жоқ сияқты» деген сөздер сіздің отбасыңызда бірдеңенің болмауын бағдарламалайды!

* «Маған керек», «маған қажет» деп айту - сіз өмірді мұқтаждықтан және жағдайлардың әсерінен өткізесіз, осылайша өз өміріңіздің қожайыны болу мүмкіндігінен айырыласыз. Бұл сөздерді «мен таңдаймын» деген сөзбен ауыстырса жақсы болар еді.

* Балаға «сен ақымақсың» деп айту – сол бағытқа алып келеді.

* Жақсы көретін адамға, (күйеуіңіз, әйеліңіз) - «сені көргім келмейді, кет», «саған айтатын сөзім жоқ» «сен мені түсінбейсің», «мені жайыма қалдыр», «менің өмірімнен жоғал» деп айту - сіз бұл адаммен қарым-қатынастың үзілуін бағдарламалайсыз. Күйеуіңіз немесе әйеліңіз отбасын тастап кетсе, тіпті одан да жаманы өмірден кеткеніне таң қалмаңыз.


Бірақ ғаламның заңы осылай жұмыс істейді. Сіз сұраған нәрсе сізге келеді. «Армандар орындалады!» деп не үшін айтылатынын енді түсінген боларсыз?

Сөз бен ойдың құдыретін түсінсеңіз, өміріңізде болып жатқан жағдайлардың сіздің ойыңыз екеніне көзіңіз жетеді.


  • Балаға «қатты жүгірме, секірме, құлайсың!», «құлап қалсаң аяғыңды сындырасың, мойыныңды үзесің!» деп айту кейде ата-аналардың аузынан еріксіз шығады. Сонда сіздің балаңызда осындай жағдай болып жатса, таң қалмаңыз. Сіз тағы да балаңыздың өмірінің сценарийін жасадыңыз. Есіңізде болсын, «біліп едім, мен сізге дәл осылай болады деп айтып едім» деген сөздерді қаншалықты жиі айтасыз, ол солай болады. Бұл сіздің сүйікті адамыңыздың өміріне, демек, өзіңізге де жағымсыз жағдайды тартады.

  • Еркектер туралы айтқанда «барлық еркектер бірдей, олар тек өз нәпсісі үшін өмір сүреді» десеңіз, ойласаңыз демек, сіздің өміріңіздегі әрбір ер адам сізге тек азап пен қайғы әкеледі.

  • Адамға «Мен сені қабылдай алмаймын! Ұнамайсың» деп айту асқазан-ішек жолдарындағы мәселелерді туындатады.

  • Күйеуіңізге немесе әйеліңізге, әлде балаңызға «Сен менің мойнымда отырсың!» деп ренжу остеохондроз дертіне бастау болады.

  • «Жүрегім қан жылайды», «Жүрегім тоқтап қала жаздады» деп жиі айту, қорқыныш, уайым жүрек ауруын шақыратынын ескеріңіз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ӨЗІМШІЛДІКті жеңу - БАҚЫТТЫ болудың бастамасы

Балаңыз ТҰЙЫҚ болса...