ШЫМКЕНТ: Мазарат аумағы қоқыстан тазартылды

0
576

Барлық мазараттарды күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы жауапты.


ШЫМКЕНТ: Мазарат аумағы қоқыстан тазартылды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданында орналасқан мазарат аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара барысында бейіт аумағы күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді.
Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында 5 мазарат бар. Олар Текесу, Ақтас және Ақтас 2 тұрғын алаптарында, 275 орамда және Сәуле шағынауданында орналасқан. Барлық мазараттарды күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы жауапты. Аталған мазараттарда тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.