ШЫМКЕНТ: «Жайдарман» ойындарының ширек финалдық кезеңі өтті

0
766

Финалдық кезеңде 18 команда жарысқа түсті.


ШЫМКЕНТ: «Жайдарман» ойындарының ширек финалдық кезеңі өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай, «Жайдарман» ойындарының ¼ финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты – жастар арасында белсенділігі жоғары, еліміздің түкпір-түкпірінде дамыған «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, елімізде белсенділігі күшейген жобада жастарға қолдау көрсету. Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.

Бүгін қаламыздағы оқу орындары арасында өткен «Жайдарман» ойындарының ¼ финалдық кезеңінде 18 команда жарысқа түсіп, нәтижесінде жартылай финалда 12 команда өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Жайдарман-2022» маусымашары өткен болатын. Фестивальге еркін құрама командадан жасақталған 15 топ өнер көрсетті. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жайдарман ойындарының мақсаты — жасөспірімдердің бастамаларына қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасын нығайту. Оларды ізденіске үйретіп, шығармашылығын шыңдау.Қазылар алқасының құрамында танымал әзілкеш Қабдол Тілеков, Оңтүстік өңірінің мақтанышы, әлем чемпионы Біржан Жақып, Әзіл әлемі театрының белгілі актеры Медет Досқанаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдықожаев және Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбек болды. Бұл жолғы маусымашар сахна төріне алғаш қадам басқан жас жайдарманшылардың тұсаукесері болды. Олар қоғамда орын алған өзекті мәселелерді әзіл-қалжыңмен жеткізіп, көрермен көңілінен орын таба білді.