​Шымкентте «Халықтық бренд» атты көрме өтті

0
1 658

Кәсіпкерлер өздері өндіріп жатқан тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті.


​Шымкентте «Халықтық бренд» атты көрме өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы және қалалық түрік этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шарада Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген ұлы жетістіктер жайы кеңінен сөз болды.

Жиында Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов осы жылдар ішіндегі басты табысымыз – Қазақстан халқының біртұтастығы болғанын атап өтті.

- Биыл біз – ел Тәуелсіздігінің 27 жылына аяқ басқалы отырмыз. Осы жылдары Ассамблея елімізде бейбітшілік пен мызғымас татулықты орнықтыруда бітімі бөлек институт болып қалыптасып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосты. Бүгінде миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жаңа жобалар іске асуда. Осы бағыттағы инвестиция тарту мен халыққа қызмет көрсететін салаларда кәсібі бар ассамблея мүшелері осындай бастамаларға барынша жұмылып,ортақ отанымызды көркейтуге лайықты үлес қосып келеді, - деді Л.Асанов.

Мерекелік шара аясында «Халықтық бренд» тақырыбында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Оған кәсіпкерлікпен айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер өздері өндіріп жатқан тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті.

Көрмеде көпшілік заманауи үлгідегі аяқ киімнің 200 түрлі моделін өндіретін «СП «Lux SHOES» фабрикасының өнімдеріне ерекше қызығушылық танытты. Түркия кәсіпкерлерімен бірлесе жұмыс істеп жатқан Шымкенттіккәсіпорынөнімдерітаяуда шетелге деэкспортталмақ. Фабрика басшысы Захид Ергашев осындайберекелі бастамалар еліміздегі тұрақтылық пен этносаралық татулықтыңжемісі деп санайды.

Іс-шарны қорытындылаған қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов пен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының бөлім меңгерушісі Ербол Байқонысов еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлесіқосып жүрген шымкенттіктерге алғысын білдірді.