Шымкентте өкпедегі ісікке тіліксіз ота жасалынды

0
1 910

Флюрографиялық тексеру кезінде 49 жастағы науқаста сол өкпесінің төменгі бөлігінде ісік анықталған.


Шымкентте өкпедегі ісікке тіліксіз ота жасалынды

Шымкентте өкпедегі ісікке тіліксіз ота жасалынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Флюрографиялық тексеру кезінде 49 жастағы науқаста сол өкпесінің төменгі бөлігінде ісік анықталған. Тез арада қалалық онкологиялық орталықта видеоторакоскопиялық әдіспен тіліксіз ота жасалынды.
Сол күні-ақ палатаға жатқызылды.
Онкологиялық орталықта 2 жылдан бері отаны видеоторакоскопиялық әдіспен жасау қолға алынған. Мұның артықшылығы көп: науқас операцияны жеңіл көтереді, асқынулар өте сирек кездеседі, наркотикалык анальгетиктер қабылдамайды.
– Операция болған күні науқас өздігінен жүріп, ауруханадан 3-4 күнде үйіне шығарылады. Осы әдіспен жасалған отадан кейін науқас оңалтуды қажет етпейді. Мұндай видеоторакоскопиялық әдіс өкпе қуысы органдарының катерсіз және алғашқы сатыдағы қатерлі ісіктері кезінде қолданылады, - дейді жоғары дәрежелі хирург Самат Исмаилов.
Жылына бір рет флюрографиялық тексерістен өтіп, өкпеден ісік белгілері табылған жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгінген жөн.