Шымкентте полицейді 7 жерден пышақтаған күдіктінің соты басталды

0
1 223

Шымкентте ұрлығы үстінен түскен полицейді пышақтаған күдіктіні соттап жатыр.


Шымкентте полицейді 7 жерден пышақтаған күдіктінің соты басталды

иллюстрациялық фото: ашық дерекөзінен

Полиция қызметкерін 7 жерінен пышақтады деп айыпталғандарға қатысты Шымкентте сот отырысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында тəртіп сақшыларына суық қару жарақатын кезеніп қана қоймай, жасөспірімдерді тонап, қарақшылық шабуыл жасады деп айыпталғандар сот алдында жауапкершілікке тартылуда. Сыбайлас екі жас жігіт кəмелетке толмағандардың қымбат қалта телефондарын тартып алып отырған.
"Сотталушы М. жəбірленуші жасөспірім П.-ның телефонын тартып алған. Онымен қоймай, сыбайласымен бірге тағы да екі баланың қымбат қалта телефонын, ақшасын күш көрсетіп, пышақ кезеніп иемденген. Сотталушы екі сыбайлас мұнымен де қоймай, сауда орталықтарының біріндегі автотұрақта көліктерді тонамақ болған. Бұл əрекеттерін байқап қойған полиция қызметкерлерінен қашып, құтылмасын білген соң учаскелік инспектор Нұржан Омаровқа 7 жерінен пышақ жарақатын салған", - деді мемлекеттік айыптаушы прокурор Ермек Сейітбеков.
Сот алдында жауапкершілікке тартылғандар айыптарын тек ішінара мойындайтындықтарын білдірді. Кəмелетке толмағандардан қалта телефондарын тартып алғанын, бірақ полиция қызметкерін пышақтамағанын айтты. Дəлірегі, сотталушы Т. өзімен бірге пышақ мүлдем болмағанын, полиция қызметкері өз қалтасынан пышағын алып, өзін өзі пышақтағанын айтты.
Сот процесі əлі де жалғасатын болады.

Айта кету керек, өткен жылдың 17 қазанында автұрақтағы көліктерді тонамақ болған күдікті 38 жастағы учаскелік инспектор Нұржан Омаровтың кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұғып алғаны туралы жарияланған болатын.