Шымкентте үш күнде жүзден астам қылмыс ашылды

0
881

1296 әкімшілік құқықбұзушылық, тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 268 жайты анықталған.


Шымкентте үш күнде жүзден астам қылмыс ашылды

Шымкент қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда және көшелерде қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында 2019 жылдың 9-31 желтоқсан аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде үш күн ішінде ізін суытпай 115 қылмыс ашылған, оның ішінде бұрын жасалған 5 қылмыс, тыйым салынған заттарды ұстап жүру бойынша 7 жайт тіркелген.

Сондай-ақ, 1296әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде 202 ұсақ бұзақылық, 413 спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орында мас күйде болу және 531 көші-қон заңнамасын бұзу жағдайлары бар. Сонымен қатар, 268 жалға берілетін пәтер тексеріліп, оның ішінде салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 268 жайты анықталған.

Одан бөлек, үш күндік іс-шара нәтижесінде қабылдап-тарату орындарына 10 адам, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына 72 азамат жеткізілген.