Қазақ баласы атақты қарсыласын нокаутқа түсірді

0
801

Үшінші раунд аяқталуға 12 секунд қалғанда Жасұланның аяқпен айналып тепкен соққысы армениялықтың басына дәл тиді.


Қазақ баласы атақты қарсыласын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Грек-рим күресінен Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Мигран Арутюнян қазақ спортшысы Жасұлан Әкімжаннан ұтылып қалды. Бұл екеуі аралас жекпе-жектен Сочиде өткен GFC 19: Krepost Selection 6 турнирінде кездескен болатын, деп жазады Zakon.kz.

Үшінші раунд аяқталуға 12 секунд қалғанда Жасұланның аяқпен айналып тепкен соққысы армениялықтың басына дәл тиіп, төреші нокаут деді.

Әкімжан осылайша аралас жекпе-жектегі бесінші кездесуін өткізді. Оның рекорды әзірге (4-1).