Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен басты

0
466

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы (БАӘ) турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді.


Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен басты

ERNUR.KZ. Жұптық сайыста 1/16 финалда Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге Кирстен Флипкенс (Бельгия)/Лаура Зигемунд (Германия) дуэтінен екі сетте басым түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Елена Рыбакинаның жекелей сында өнер көрсетуіне келер болсақ, турнирді канадалық теннисші Бьянка Андреескуға қарсы кездесуден бастайды. Рыбакина WTA рейтингінде 10-шы, Андрееску 36-шы орында. Дубайдағы турнирдің жүлде қоры 2 788 468 долларды құрайды. Жеңімпаз 454 500 доллар мен 900 рейтингтік ұпайға ие болады.

Елена Рыбакина Дубайда өткен WTA турнирінің финалисті. Ол үш жыл бұрын Симона Халепке қарсы финалда ойнады. Енді "Үлкен дулыға" жеңімпазы Рыбакина осы маусымдағы алғашқы титулды жеңіп алуға тырысады. Ол 2023 жылғы он екі кездесуінің сегізінде жеңіске жетті.

Ал, Бьянка Андреескуге жарақаттары кедергі жасауы мүмкін. Ол Абу-Даби ашық чемпионатының бірінші раундында Юлия Путинцевадан жеңілгеннен бері ойнаған жоқ. Бір қызығы, бұл оның WTA Дубай теннис чемпионатындағы дебюті болады.

Жеке кездесулер бойынша Елена Рыбакина Бьянка Андреескуды 1:0 есебімен алда келедң. Олар өткен жылы Уимблдонның екінші кезеңінде кездесті. Сондықтан Рыбакинаның тағы да жеңіске жетуі ықтимал.