Көз аурулары емханасы жаңартылды

0
3 150

Сонымен қатар ОКА-да ОҚО бойынша алғаш рет витреоретинальдық хирургиядан мастер класс өткізіледі. Витреоретинальдық хирургия – офтальмологиялық хирургияның күрделі басым бағыттарының бірі.


Көз аурулары емханасы жаңартылды

Шымкентте облыстық клиникалық ауруханасының жанынан офтальмология бөлімі ба №3 емхана ашылды. Бұрынғы «Көз ауруханасының» ескі ғимараты үш ай бойы күрделі жөндеуден өткен болатын. Жаңа емхана заманауи құрылғылармен және комплекстік медициналық ақпараттық жүйемен жабдықталған. Қаржыландыру жағы ОКА-ның өз есебінен жүргізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сонымен қатар ОКА-да ОҚО бойынша алғаш рет витреоретинальдық хирургиядан мастер класс өткізіледі. Витреоретинальдық хирургия – офтальмологиялық хирургияның күрделі басым бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта осыған байланысты оталар Астана және Алматы қалаларында өткізілетін көрінеді. Соның салдарынан пациенттер ұзақ-сонар кезекке тұрады. ОКА дәрігерлерінің осы саланы игеруі облыс тұрғындарына дер кезінде және қол жетімді офтальмологиялық көмек беруге септігін тигізеді.

Сондай-ақ ОКА-да жаңа 3Н (триаш) жүйе енгізілген. Бұл ең алдымен науқастарды дерт түрлеріне қарай бөледі – жедел түрде, жоспарлы және өз еркімен дәрігерге көріну. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда мұндай тәсіл тосын жағдайлар мен ауру асқынуларының алдын алады екен.