ОҚО-ДА барымташы ұсталды

0
1 357

Бәйдібек АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні мал ұрлау жайты бойынша ұстаған. Мал ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген, ал материалдары сотқа жіберілген.


ОҚО-ДА  барымташы ұсталды

Ол өткен жылдың күзінде Бәйдібек ауданынан 5 жылқыны қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы миллионнан астам теңгені құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бәйдібек АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні мал ұрлау жайты бойынша ұстаған. Мал ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген, ал материалдары сотқа жіберілген", делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сот шешімі бойынша сотталушы 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға жазаланған.