Шардаралықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

0
1 443

​Тарихы қалың, тағдыры терең еліміздің бүгінгі бағындырған белестері Елбасының салиқалы саясатының жемісі.


Шардаралықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Биылғы жылы жетінші рет жалпы ұлттық деңгейде тойланып отырған «ҚР Тұңғыш Президенті Күні» мерекесін шардаралық жұртшылық Елбасының еңбектері мен салиқалы саясаткер жайлы жазылған әлем зиялыларының кітаптары қойылған көрмесімен бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиында бас қосқан ел ағалары тарихы қалың, тағдыры терең еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құбылмалы заманда құбылысынан жаңылмай әлемді мойындатып, дамыған елдерімен иық тіресе алатын деңгейге жетуін, еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерінің бәрі Елбасымен тікелей байланысты екенін айтып, жастарды ынтымақ пен ауызбіршілікке шақырды, Мемлекет басшысының сенімін ақтауға үндеді.

Ел дамуы жолындағы стратегиялық бағдарламаларды шынайы ықыласпен қабылдап, қолдау көрсетіп келе жатқан шағалалы аймақтың жұртшылығы Елбасынының нұрлы бағытының арқасында көптеген жарқын жетістіктерге, толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Бұл тұрғыда елдегі бейбітшілік пен ұлт аралық татулықтың да алар орыны ерекше.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Жолдыбайұлы елдегі ынтымақ пен бірлікті сақтап, ауданның әлеуетін арттыруда аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Марапатқа ұсынылғандардың ішінде Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан қыздар арасында өткен әлем чемпионатында күмістен алқа тағынған Шардаралық Жайна Шекербекова мен қол күресі спортынан Түркияның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында әлем чемпионы атанған Ләззат Мәлікайдар да болды.

Марапаттау рәсімінен соң ауданда құрылған «Ақ әжелер» ансамблі мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламалары жұртшылыққа мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.